Елде көліктердің 44%-ы ескірген
Еліміздегі тұрғындардың жартысына жуығы тозған көліктерді мініп жүр. Оған Ұлттық стастика бюросы жариялаған деректер дәлел, деп хабарлады Ortalyq.kz halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөліктердің саны – 5 млн. 442,9 мың. Оның ішінде 88%-ы – жеңіл автокөліктер. 9,9%-ы – жүк көліктері. Ал, 2,1% – автобустар.
Былтыр 1 млн. 191,3 мың жаңа көлік тіркелді. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда, 1,6 есе көп.
2024 жылғы сәуірде есепке 157,9 мың автокөлік қойылды. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 7,9%-ға кем. Оның ішінде автомобильдер – 8,6%, жүк көліктері – 2,9% азайған. Ал, автобустар – 15,3% артқан.
Елімізде көліктің пайдалану жылы төмендегідей:
20 жылдан асқан – 44,8%;
10 жылдан 20 жылға дейін – 23,6%;
7 жылдан 10 жылға дейін – 12,7%;
3 жылдан 7 жылға дейін – 12,7%;
3 жылға дейін – 6,2%.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.