Ресми

Елде 109 жол учаскесі жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 109 жол учаскесі жабылды. Оның 41-і республикалық, 68-і облыстық маңызға ие автожолдар.

Сурет: ortalyq.kz

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, блок-бекеттерде 600 автокөлік кептеліп тұр. Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, боран соғады. Абай, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Қарағанды қалаішілік жолдар мен тротуарларды тазалауға 184 бірлік арнайы техника мен 160 жұмысшы жұмылдырылған. Қазіргі таңда автобус маршруттары өтетін негізгі магистральдардан бастап, жаяу жүргіншілер жолы, көлік аялдамасы мен басқа да негізгі участкелер қардан тазартылуда. Қардың қалың түсуіне байланысты жұмыс күшейтілген режимде екі ауысымда жүргізілуде.

Басқа материалдар

Back to top button