Бас тақырыпПрезидент

Елбасы Үкімет құрамы туралы Жарлыққа қол қойды

Елбасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы  Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына  сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы  министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Елжан Амантайұлы Біртанов – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының                 Президенті                                                                  Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2019 жылғы  25 ақпан            

       №  849

 

Басқа материалдар

Back to top button