Ресми
Елбасы Қарағандыны дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеуді тапсырды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті облыстың этно-мәдени бірлестіктерінің жұмысымен танысқаннан кейін, өңірдегі жұртшылық өкілдерімен кездесті. Мемлекет басшысы облыстың экономикалық даму көрсеткіштерінің оң қарқынын айрықша атап өтті.
«Бес жыл ішінде 1,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысының қарқыны жөнінен бұл өңір республикада төртінші орында», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.