Қарағанды

Ел тынысын бағдарлайды

        Аудан әкімі Салтанат ӘБЕУОВА ауыл-ауылдарды аралап, халық алдында есеп беру жиындарын өткізді.

С.Әбеуова алғашқы іссапарын ауылымыздың шалғай өңірлері – Айыртас, Қусақ, Абай, Нарманбет, Шашубай өңірлерінен бастады.

Айыртас. Ауылдық округ үшін өткен мешін жылы табысты жыл болды. Ауыл тұрғындарын көптен мазалап жүрген ауыз су мәселесі «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы жүзеге асып, түбегейлі шешімін тапқан. «CDMA» жүйесі арқылы байланыс орнатылған. Мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік пункт, пошта байланысы секілді әлеуметтік нысандар қалыпты жағдайда халыққа тұрақты қызмет көрсетіп, алыс ауылдың түнін 31 жарық нүктесі нұрландырып тұр.

Мал басын асылдандырып, өнімділігін арттырып, талапқа сай әр түлікті бірдейлендіріп, ел байлығын еселеуге өз үлестерін қосып келеді. Айыртастықтар аудан әкіміне айтар өтініш-тілектерін де жеткізді. «Қуаныш» шаруа қожалығының жетекшісі Ғ.Аманқұлов балаларына жылыжай ашып беру мақсатында несие алу, Л.Мүкарамұлы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған адамдардың жалақысы, Е.Аманқұлов көтерме жолды күрделі жөндеуден өткізуге қажетті қаржы жөніндегі ойларын ортаға салып, ауыл әкімінің есебіне қанағаттанарлық баға берді.

Қусақ. Түс ауа жергілікті клуб үйіне қусақтықтар бас қосып, ауыл әкімі Д.Мұқатайдың есебін тындады. Ақпар өз алдына, жалпы бұл ауылдық округтің барлық бағыттағы жұмысы өрге домалап, аудан бойынша алда тұр.

Әдеттегідей, бұл жолы да билік пен бұқара арасында аудан әкімі дәнекер болып, есеп беру жиынының тізгінін өз қолына алып, Ақтоғай ауданының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалысы, алдағы жылда жүзеге асырылады деп күтілген межелі міндеттер мен атқарылатын іс-шаралар жөніне қысқаша тоқталып өтті. Аудан басшысы ауыл әкімінің есебін тындап болған елді сөзге тартып, тұрғындарды ашық әңгімеге шақырды.

Ортадересін. Ауылдық округке сапар барысында С.Әбеуова орта мектепте болып, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында жасалған жөндеу жұмыстарының нәтижесімен танысты. Аудан экономикасының қос күре тамыры Ортадересін ауылдық округіндегі кездесуде ауыл әкімі Б.Саданов ауылдың тыныс-тірлігі, өткені мен алдағы күндерге деген жұмыс жоспарымен халықты құлағдар етті.

Шашубай. Әкімдердің халық алдындағы есеп беру жиыны Шашубай кентінде де өтті. Кент әкімі Д.Исбеков жыл ішінде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Кент жыл сайын жаңару үстінде. Тұрғындар еліміздің экономикасының дамуына өздерінің салмақты үлестерін қосып келе жатыр. Кент тұрғындары кент әкімінің есебіне қанағаттанарлық деп баға берді. Тұрғындар көкейкесті сұрақтарын қойып, оған жауаптар қайтарылды. Есеп беру жиынын қорытындылаған аудан әкімі ауыл тұрғындарының сұрақ-сауалдарының орынды қойылып отырғандығын, алдағы уақытта айтылған өтініш-тілектерінің назарға алынатындығын айтып, тұрғындардан қол қусырып қарап отырмай, мектепте бала санын арттыруға, ауылға жас мамандарды тартуға өз тараптарынан әрекет етуге шақырды.

Мүсіркеп СЕЙДАХМЕТ.

АҚТОҒАЙ ауданы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button