Бас тақырып

Ел тағдыры үшін маңызды құжат

Жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел Президентінің Жолдауы 2024-2025 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, еліміздің әрбір азаматының ерекше назарын аударды.

Сурет: kazgazeta.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді.

Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа Жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде көптеген жаңашылдықтың болатынын көрсетіп берді.

Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелерді қамтыды.Алдымен кезекті сессияның ашылуымен құттықтап, өткен сессияда жемісті жұмыс жүргізілгенін, атап айтқанда, 102 заң қабылданғанын, оның ішінде қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске қатысты заңдар барын және ғылым мен технология саясатын, жылу энергетикасын, басқа да мәселелерді реттейтін заңдар күшіне енгенін баса айтты.
Президент Жолдауында алдағы жұмыстың нақты бағыттарын айқындады.

Перизат ӘБІЛДИНА,
ұстаз

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button