Спорт

Ел қоржынында қос медаль

Болгария астанасы София қаласында дзюдодан өтіп жатқан Еуропа Кубогына қатысқан жерлестеріміз ел қоржынына 1 күміс және 1 қола медаль салды.

Ұлттық құрама сапынан орта салмақтағы Ғұсман Қырғызбаев барлық қарсыласын ұтып, финалға шыққан. Алайда, ақтық бәсекеде украиналық қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені місе тұтты. Ал, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Руслан Мұсаев қола жүлде үшін тартыста қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.

Отандық  дзюдошылар үшін жыл сәтті басталды. Португалиядағы әлемдің аламанда ұлттық құрама 1 алтын мен 2 күміс жеңіп алды. Тіпті ең жеңіл салмақта қос қазақ қызы финалға шығып, тарихи нәтиже тіркеген болатын. Ал, Париждегі бәсекеде ел қоржынына 2 қола жүлде түсті. Осы жетістіктердің арқасында Қазақстан 2023-2026 жылдар аралығында әлемдік гран-приді қабылдау құрметіне иек болды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button