АймақШет

«Ел үлесі пәтерге»: Шет ауданының тұрғынына пәтер кілті табысталды

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Ел үлесі пәтерге» қайырымдылық жобасы Қарағанды облысының Шет ауданында жалғасын тапты.

Сурет ihsan.kz

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігі мен жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен өткен салтанатты іс-шараға облыстың бас имамы Естай Айтуғанұлы қатысып, қоныс иелерін құттықтап, жаңа үйлеріне береке тіледі.

Жоба аясында 864-қызметтік пәтер Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітіне берілсе, 865-үйдің кілті бес баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты көпбалалы анаға табысталды.

Қуанышқа аудан тұрғындары мен жанашыр азаматтар да ортақтасып, игі тілек білдірді.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button