Бас тақырып

Ел Конституциясының 30 жылдығына арналған ұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді

ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 20 ақпандағы қаулысымен ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді.

Сурет el.kz

Ұлттық жоспар 30 іс-шарамен қамтылған, оның ішінде:

  • аймақтық;
  • ғылыми-практикалық;
  • ақпараттық-ағартушылық.

Мәселен, бекітілген іс-шаралар арасында:

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы тақырыбына арналған мерейтойлық монеталар шығару;
  • Конституциялық заңдылықты қалыптастыруға және сақтауды қамтамасыз етуге, конституциялық құндылықтарды нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарды салтанатты түрде наградтау;
  • Диалогтар, отырыс, конференциялар мен салтанатты қабылдау өткізу;
  • Мектеп жасындағы балаларға арналған онлайн викторина өткізу;
  • «Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры» тақырыбында музейлер, қалалық және ауылдық кітапханалар базасында мектеп экскурсияларын, ашық сабақтар (мейкерспейс) өткізу (осы іс-шараның бірыңғай тұжырымдамасын алдын ала әзірлеу, бекіту, сондай-ақ орталық және жергілікті органдардың өкілдерін қатысуға шақыру);
  • Жоғары оқу орындарының студенттері арасында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары бойынша конкурстар өткізу;
  • Құқықтық сауат ашу мақсатында мектептерде, ТжКБ мен жоғары оқу орындарында пайдалану үшін (архивтік мемлекеттік құжаттар, музей экспонаттары, мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпараттық материалдарды пайдалана отырып) Конституцияның тарихи, саяси, әлеуметтік және құқықтық аспектілері туралы виртуалды тур және 3D-экспозиция жасау;
  • Қазіргі Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін нығайтуға, ананы, әке мен баланы, еңбек ету мен білім алу құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін құрметтеуге арналған интерактивті көше акцияларын (заманауи суретшілердің, мүсіншілердің көрмелерін, мультимедиалық экрандарды) ұйымдастыру;
  • Азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен «Ата Заңым – айбыным» және «Мен – Қазақстан азаматымын!» атты челлендж ұйымдастыру;
  • Жастар ұйымдарымен және университеттермен серіктестікте #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджін өткізу, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке басын куәландыратын құжаттарды салтанатты түрде табыстау;
  • «Айбыны асқақ Ата Заң» музыкалық-патриоттық кеш өткізу.

Орталық және жергілікті атқарушы органдарға, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ өзге де ұйымдарға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Ұлттық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты ҚР Конституциялық сотының аппаратына және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсынуға нұсқау берілді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі-2025 жылғы 30 шілдеге және 2026 жылғы 30 қаңтарға ҚР Президенті Әкімшілігіне Ұлттық Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button