Бас тақырыпМедицина

Қазақстандықтардың 82,6%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған

Брифинг барысында атап өтілгендей, бүгінгі таңда МӘМС жүйесінде 16,9 млн адам сақтандырылған, бұл ел халқының 82,6% -ын құрайды. Оның ішінде 12 миллионға жуық адам мемлекет төлейтін жеңілдікті санаттарға жатады.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

3,4 миллионға жуық адам МӘМС жүйесінен тыс қалады. Еңбекке қабілетті жастағы азаматтар үшін жүйеге кіру қолжетімді және ауыртпалықсыз болып қалады – айына 4 250 теңге немесе жылына 51 000 теңге, бұл оларға МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Көзделген барлық өзгерістерді іске асыру медициналық көмекке әділ қол жеткізуді қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау жүйесінің профилактикалық бағытын күшейтуге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру моделінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді, деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен

Басқа материалдар

Back to top button