Ел дамуының нақты бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы Қазақстан халқы үшін тарихи маңызы бар құжат болды. Өйткені, ол халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірінші кезектегі бәселелерді шешуге арналды. Президент Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың әл-ауқатының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлеуметтік саясатты жаңғыртудан бастап, әлеуметтік мемлекетті бағдарлауға баса назар аудара отырып, адами капиталды дамытуға ерекше назар аударды.

Президент тарапынан шағын және орта бизнесті дамыту бастамасының маңызы зор. Мемлекет басшысы микро және шағын бизнесті салықтан үш жылға босату туралы Үкіметке заңнамалық негіз әзірлеуді тапсырды. Менің ойымша, бұл кәсіпкерлікті дамытуға үлкен серпін береді. Президент бірінші рет шағын бизнесті орта бизнестен бөліп айтып отыр. Бұрын шағын және орта бизнес деп келдік қой. Ал, бүгінде шағын бизнесті қолдау бойынша нақты тапсырмалар берілді. Мәселен, шағын бизнес өкілдерінен үш жылға дейін табыс салығы ұсталмайтыны туралы айтылып жатыр. Біздің қазіргі кәсіпорындарға байланысты үлкен көмегін береді деп ойлаймын.  

Жолдауда қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына жан-жақты, терең талдау жасап және оны түбегейлі оңалту бағытында нақты міндеттер қойылды. Тұрғындардың табыстарын арттыру, халықты толғандырған ең келелі деген проблемалар жөнінде салмақты сөз қозғады. Президент мемлекеттің тыныс-тіршілігінен жан-жақты хабардар екендігін айқын әрі сенімді дәлелдей білді.

Жолдау әрбір қазақстандық үшін маңызды деп есептеймін. Еліміздің тұрақтылығы мен болашақтағы өркендеуіне дем беретін факторлар – Қазақстан дамуының ең басты бағыты болып отыр. Соңғы жылдары біздің елімізде көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік мұқтаж жандарға аса мән беріліп, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар төленіп отыр.

«…Мемлекет басшысы ретінде қайталап айтамын – біздің жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұған біз жол бермейміз. Дегенмен, жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің басты мақсатымыз» дей отырып, Қ.Тоқаев бірқатар жыл дау тудырған мәселелерге нүкте қойды деуге болады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы көптеген азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттен жерді жалға тегін алып, жұмыс істемей текке ұстап отырғанын тілге тиек етті. Осыған байланысты пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып, жердің жұмыс істейтіндерге ғана тиесілі екендігін ескерте отырып, Үкімет пен Парламентке тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта әлеуметтік-экономикалық мәселелерге үлкен көңіл бөлінетінін көрсете білді. Халықтың әл-ауқатын жақсартып, дамыған 30 елдің қатарына кіру бойынша ауқымды шаралар атқарылатынын баса айтты. Халыққа атаулы әлеуметтік-көмек берудің тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар да күн тәртібінен түскен жоқ.

Азаматтық қоғам құруға бағытталған, халық пен билік арасындағы алшақтықты жою мақсатында 2025 жылға дейінгі Азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы әзірленетін болады. Мұны биліктің қарапайым халық проблемаларын шешуге деген ұмтылысы деп түсінеміз. Үштілділікті дамыта отырып, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі ролі нығая түспек.

Жолдауды Қазақстан халқына қызмет ететін, оның әлемдік мемлекеттер арасында бәсекеге қабілетін күшейтетін тарихи маңызы бар құжат деп бағалаймыз. Себебі, Президенттің Үкіметке жүктеген әрбір тапсырмасы ел үшін тағдырлық маңызы бар, дамудың тынысын ашатын салаларды қамтиды.

К.Тоқаевтың «Мен халыққа сайлау алдындағы берген уәдемді толығымен орындаймын» деген сөзінің өзі бізді жігерлендіріп, еңбекке деген күш-қуатымызды арттырып отыр. Жолдаудағы көрсетілген межелік мақсаттар мен міндеттерді орындай отырып, еліміздің экономикалық, саяси жән

Е.АХМЕТОВ,

облыстық мәслихат депутаты.е әлеуметтік өмірінде оң өзгерістер болатыны сөзсіз.