Ел чемпионатынан – екі алтын!
Абылайхан ақтық кезеңде алматылық қарсыласы Фарух Тоқтасыновпен жекпе-жек өткізді. Қиын әрі шиеленісті кездесуде төрешілердің шешімімен жерлесіміз жеңіске жетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Осылайша боксшы ересектер арасында төртінші мәрте ел чемпионы атанды.

– Араға төрт жыл салып, қайта ел чемпионы атану – мен үшін мәртебе. Әлі де шеберлігімнің шыңында екенімді дәлелдеп отырмын. Жасымның тек сан ғана екенін тағы бір рет көрсете алғаныма ерекше қуаныштымын. Фарухпен биылдыққа үшін ші мәрте кездесуім. Әр жекпе-жек бұрынғыдан да күрделі әрі тартысты өтіп жатыр. Келер күндерде оқу-жаттығу жиындары. Әлі алда талай жеңістер күтіп тұр, – деді чемпион.
Ал, Сабыржан финалдық бәсекеде елордалық Тимур Нұрсейітовпен жұдырықтасқан болатын. Жерлесіміз
екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

– Баршаңызға қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Қарсыласым осал емес. Бірақ, тактикалық тұрғыдан мен басым түстім. Жалпы, әр жекпе-жектің бірінші раунды мен үшін қиынға түседі. Бірақ, екінші раундта бапкерлерімнің кеңесіне құлақ асып, берген тапсырмасын орындаймын. Сәйкесінше, нәтиже шығарамын. Өкінішке қарай, өткен жолы Әлем чемпионатынан жүлдесіз оралып едім. Сол жолы жіберген қателіктеріммен жұмыс істеп, тыңғылықты дайындалдым. Алда әлем, Азия мен Әлем кубогы бар. Енді соған дайындаламыз, – деді боксшы.
Сонымен қатар, 90 келіде өнер көрсеткен Нурмагомед Юсупов чемпионаттың күміс жүлдегері атанды. Әйелдер арасында 51 келіде бақ сынаған Анита Адишева да күміспен күптелді.
Ал, 60 келідегі Аяжан Ермек пен 66 келідегі Жасмин Кизатова қола жүлдеге қол жеткізді.
.Ербол ЕРБОЛАТ
«Ortalyq Qazaqstan»



