Аймақ

Ел болашағы – әр азаматтың таңдауына байланысты – Төлеген Әшімов

Бүгін Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Төлеген Әшімов өзінің азаматтық борышын орындап, №6 референдум учаскесінде дауыс бергенін айтты. Оның пікірінше, елдің болашағы әрбір азаматтың қабылдаған шешімінен қалыптасады.

Сурет автордан

Халық қалаулысы дауыс бергеннен кейін табиғат аясында серуендеуге шығып, тауға трекингке баратынын қоса жеткізді. Ол тау баурайындағы тыныштық пен таза ауа адамға алдағы жоспарларын ой елегінен өткізіп, маңызды шешімдер туралы терең толғануға мүмкіндік беретінін атап өтті.

– Елдің еңселі ертеңі – әрқайсымыздың жеке таңдауымызға байланысты. Сондықтан, азаматтық белсенділік танытып, дауыс беру – маңызды қадам, – деді Төлеген Әшімов.

Мұнымен бірге, ол тауда серуендеу адамға тыңнан түрен саларлық күш-қуат беріп, шаһардың шуынан аз-кем тынығып, ой қорытып, ес жиюға көмектесетінін айтты. Биіктік, тыныштық және таза ауа – оңаша ойлануға ең қолайлы орта екендігін де атап өтті.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ
Ortalyq.kz

 

Басқа материалдар

Back to top button