Медицина

Экстракорпоральды ұрықтандыруға 403 квота бөлінді

Қарағанды облысында биыл экстракорпоральды ұрықтандыруға 403 квота бөлінді. Қымбат процедураларды медициналық сақтандыру қоры төлейді.

Сурет: gov.kz

Аймақта тұратын ерлі-зайыптылар республиканың кез-келген клиникасын таңдай алады. Қарағандыда экстракорпоралды ұрықтандыру процедурасын «Ақжан» клиникасы жүргізуде, ол үшінші жыл қатарынан «Аңсаған сәби» бағдарламасына қатысып келеді. Өткен жылы Қарағанды клиникасы МӘМС шеңберінде ЭКҰ-ға 101 квота, биыл – 214 квота алды.

– Барлық бағдарламалар мерзімінде аяқталды. 40 пациент жүктілік бойынша есепке алынды. Жеті жұп бақытты ата-ана атанды, сегіз сәби дүниеге келді. Бағдарламаның соңғы нәтижелерін 2023 жылдың соңында білетін боламыз, – деді «Ақжан» ЭКҰ клиникасы бөлімшесінің меңгерушісі Евгения Лапина.

«Ақжан» клиникасына тек Қарағанды ғана емес, еліміздің басқа да облыстарының тұрғындары жүгіне алады. Медициналық ұйым барлық түрдегі бедеулікті емдеумен айналысады.

ЭКҰ рәсімдеріне биыл медициналық сақтандыру қоры 373,8 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр. ЭКҰ-ның бір рәсімінің құны орта есеппен 1,06-дан 1,227 млн теңгеге дейін.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button