Бас тақырып
Экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды
Бүгін, 13 мамыр күні Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Бишімбаев пен Байжановқа қатысты үкім шығарды.

Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. Ал оның қылмысын жасырды деп айыпталған інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға қамалды.
Бұрынғы экономика министріне қатысты іс 2-бап бойынша қарастырылған болатын:
– аса қатыгездікпен кісі өлтіру
– қинау
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz