Жаңалықтар

Екпеден қашқан Еуропада індет тарады

Еуропада қызылша ауруына шалдыққандардың саны рекордтық межеге жетті. Вирусты 41 мың адам жұқтырып, 37 адам қаза тапқан. Дүниезжүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, аурудың өршуіне тұрғындардың екпеден бас тартуы себеп. 2016 жылы Жер бетіндегі әр оныншы бала қажетті екпе жасатпаған.

Қызылша өте жылдам тарайтын жұпалы індеті. Қазір Дүниезжүзілік денсаулық сақтау ұйымы эпидемияның алдын алу шараларын бастап кетті. Бірінші кезекте, вакцина егілмеген адамдардың иммунитетін күшейту шараларын қолға алған.

Айта кету керек, соңғы жылдары елімізде де екпеден бас тартыушылардың қатары көбейген. Бұған әлеуметтік желіде тараған вакцинацияға қатысты түрлі жаңсақ ақпараттар себеп болуы мүмкін.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button