Covid-19

Екпе жайлы 3 қауесет

1-ші қауесет. «Коронавирус вакцинасы бе лсіздікке әкеледі».

Қате пікір! Кез-келген елдің, оның ішінде еліміздің ресми ақпарат көздерінде коронавирус вакцинасының бедеулікке әкелетіні жайлы ақпарат жоқ. Жалпы, вакцина тарихында препараттың ерлердің немесе әйелдердің репродуктивті функцияларына әсері жайлы бір де бір жағдай тіркелмеген. Медицина ғылымдарының докторы, процессор Ләззат Ералиева бұл әңгіменің негізсіз екенін айтады.

«Кез келген вакцина қолданысқа енгізілмей тұрып, терең зерттеледі. Мәселен, «Спутник V» вакцинасы қазақстандық екпе секілді репродуктивті функцияға еш әсер етпейді. Тұмау немесе басқа да ауруларға қарсы вакциналар белгілі бір дәрежеде жыныстық функцияға әсер етуі мүмкін. Бірақ олар да, коронавирусқа қарсы вакцина да белсіздікке ұшыратпайды», – дейді ол.

2-ші қауесет. «Вакциналаудың астарында де неге чип енгізу жатыр».

Қате пікір! Интернет таратушылары «Денеге екпемен бірге чип ендіріп жібереді екен, алты айдан кейін ондай адам өліп қалатын көрінеді» деп жазды. Тағы бір нұсқасында америкалық кәсіпкер, Micro6soft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс вакцина жасауды қаржыландыру арқылы чип ендіріп, адамдарды бақылауға алатыны жайлы айтылды. Негізінде, Билл Гейтстің еш қатысы да, жазығы да жоқ. Оның айтпағы, әрқайсымыздың қолымызда вакциналау жүргізілгені туралы ақпарат жазылған цифрлық сертификаттың болатындығы ғана. Осы сөз ағылшын тілінен орыс тіліне қате аударылып, бұрмалануы салдарынан осындай қауесет тараған.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин: «Вакцина – сұйықтық, ал сұйықтықтың чипке айналуы ақылға қонымсыз дүние. Менің цифрлық білімім бар, сондықтан, вакцинаның чиптеу құралы екеніне ешқандай негіз жоқ деп айта ламын» – деді.

3-ші қауесет. «Вакцина алғаннан гөрі, коронавирус жұқтырып, антиде не қалыптасырған дұрыс»

Қате пікір! Елімізде қолданылатын «Спутник V» вакцинасы – векторлық аденовирустар. Олар ағзаға ауруға қарсы тұру туралы ақпарат береді, бірақ вирустың өзін адам геномына енгізбейді. Осылайша, инфекцияны одан әрі жұқтыру қаупі азаяды. Ал, екпеден кейін әрине, вакцинаның кері әсерлері болады. Бірақ, бұл ко- ронавируспен ауырғаннан кейін де кезінде біразға дейін сақталатын кеудедегі сырыл, жүрек жұмысының нашарлауы, иіс немесе дәм сезудің жойылуымен салыстырғанда түкке тұрғысыз.

Мамандар да «вакцинадан қорқудың керегі жоқ» дейді. Керісінше, екпе алу арқылы ғана халықты ауыр дерттен құтқаруға болады.

«Вакцина коронавирустың жаңа «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штамдарына да тойтарыс бере алады, әрі иммунитет кем дегенде екі жыл сақталады», – деді вакцина жайлы еліміздің бас санитар-дәрігері Ерлан Қиясов.

Әзірлеген Салтанат ІЛИЯШ

Басқа материалдар

Back to top button