Ресми

Экономиканың тұрақты дамуы жолында

Қарағанды облысының экономика басқармасы қызметінің негізгі бағыттары – стратегиялық, экономикалық жоспарлау және мониторинг, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және облыстық коммуналдық мүлікті басқару болып табылады. Өткен жылы бар мүмкіндік ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында, Елбасының тапсырмаларында, Nur Otan партиясының сайлауалды тұғырнамасыныңда және басқа да бағдарламалық құжаттарда белгіленген міндеттерді шешуге бағытталды. Пандемия жағдайында экономикалық өсуді қалпына келтіру шараларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Облыста тұрақты әлеуметтікэкономикалық жағдайдың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 20202022 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы жоспар әзірленді. Бұл жоспардың негізгі бағыттары – қолжетімді қаржыландыруға, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, инвестициялар тартуға, азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және бағаның өсуіне жол бермеуге бағытталған іс-шаралар болып табылады.

2020 жылы жалпы өңірлік өнімнің өсімі 100,1% (9 ай) болды. Инфляция – 7,7%, нақты жалақы 9,9% өсті. 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда құрылыс жұмыстарының көлемі – 6,9%, өңдеу өнеркәсібі – 3,6%, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 5,7% ұлғайды. Тұрғын үйді іске қосу қарқыны 25,8% өсті. Тұрғын үй қоры 529,5 мың шаршы метрге ұлғайды, бұл – 6,3 мыңнан астам пәтер. Облыстың негізгі капиталына 678 млрд. теңгеден астам инвестиция салынды.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында айқындалған әлеуметтік-экономикалық саясаттың міндеттері мен басымдықтарын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберінде елдің әлеуметтікэкономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында облыстың 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, 20212025 жылдарға арналған даму бағдарламасы әзірленді және бекітілді. Бағдарлама облыс халқының өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыруға бағытталған 9 басым бағытын айқындайды.

Премьер-Министр мен облыс әкімі арасындағы меморандумға енгізілген жоспарлы мәндерді анықтау және нысаналы индикаторларды іске асыру мониторингі бойынша жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы мемлекеттік бағдарламаларды, оның ішінде, дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға 167,3 млрд. теңге бөлінді немесе 2019 жылдан 45% артық, оның ішінде «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға арналған» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға 8,3 млрд. теңге бөлінді.

44 іс-шара бойынша жұмыстар аяқталды. “Дипломмен ауылға” жобасы аясында әлеуметтік саланың, агроөнеркәсіптік кешеннің 259 маманы және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметкерлері тұрғын үй сатып алып, 587 маман көтерме жәрдемақы алды.

Облыстың моноқалаларында жалпы сомасы 1,9 млрд. теңгеге 4 жоба іске асырылды: Жезқазған қаласында жылу желілерінің 2-кезегін қайта жаңарту және жаңғырту жүргізілді; Теміртау қаласы бойынша – Батыс өнеркәсіптік аймақта өндірістік сарқынды суларды бейтараптандыру және тазарту торабының құрылысы; Шахтинск қаласында – Шахан кентінің қазандығы мен жылу желілерінің құрылысы; Сәтбаев қаласында – Батыс, Шығыс аудандар мен №8 шағынаудан аумағының жер үсті суларын төмендету және бұру. Барлық жобалар 2021 жылға өтпелі.

Ағымдағы жылы “Ауыл – Ел бесігі” арнайы жобасын толық көлемде іске асыру жалғастырылды. Арнайы жоба шеңберінде 40,2 мың ауыл тұрғындарын қамтумен 7 ауданның 13 АЕМ-де 5,2 млрд. теңгеге 47 іс-шара бойынша жұмыс жүргізілді. 8 АЕМ-де 9 мектеп жөнделді (Ақтоғай, Шашубай, Ботақара, Көктас, Осакаровка, Трудовое, Жезді, Ақсу-Аюлы ауылдары), Жезді кентіндегі мектеп-интернатта асхана жөнделді; 2 аудандық аурухана ғимаратында жөндеу жұмыстары аяқталды (Ақтоғай ауылы, Ақсу-Аюлы ауылы), ауысымына 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория (Шашубай кенті), ауылдық аурухана қазандығы (Баршын ауылы); Ақсу-Аюлы ауылындағы 565 орындық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне жөндеу жүргізілді; Есіл А. 25 шақырым су құбыры желілерін қайта құру аяқталды, бұл тұрғындар үшін сапалы ауыз суды үздіксіз және апатсыз беруді қамтамасыз етті (1 431 адам); 80 шақырым кентішілік жолдардың жоспарымен 70 шақырым орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді (Ақтоғай, Шашубай, Ботақара, Қарағайлы, Көктас, Бүркітті, Осакаровка, Ақсу-Аюлы ауылдары).

2021 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған» бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға республикалық бюджеттен 7,5 млрд. теңге көзделген. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, жобаларды іске асыру белсенді жалғасуда. Қарағанды облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру шеңберінде 2020 жылы жалпы сомасы 3,8 млрд. теңгеге барлығы 8 шартқа қол қойылған. Көрсетілген барлық жобалар жекеше қаржылық бастама тәртібінде және мемлекеттік міндеттемелерді қамтымайды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде медицинаны дамыту қарқындап келеді, мұнда денсаулық сақтау саласы алдыңғы қатарда – жалпы сомасы 3 млрд. 806 млн. теңгеге барлығы 7 шарт жасалған. Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мамандандыруды тереңдету нәтижесінде, сондай-ақ ауруханалар мен емханаларды заманауи медициналық аппаратурамен және жабдықтармен жарақтандыру есебінен арта түсті.

2020 жылы Қарағанды қаласында клиникалық-диагностикалық зертхана, Теміртау қаласында балаларды оңалту инклюзивті орталығы, сәулелі терапия орталығы, Қарағанды қаласындағы Степной-2 ықшамауданында және Балқаш қаласындағы Злиха Сабитова ықшамауданында емханалар, Осакаров, Абай, Қарқаралы аудандарында гемодиализ орталықтары ашылды, сонымен бірге Қарағанды облысының ауылдық денсаулық сақтау объектілерін интернетке қолжетімділік үшін деректерді жеткізетін спутниктік арналармен қамтамасыз ету бойынша жоба іске асырылуда.

2020 жылғы маусымда жалпы сомасы 10 млн. теңгеге «Қарағанды облысының Шахтинск қаласында 25 орынға арналған бөбекжайбалабақша ашу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру бойынша шартқа қол қойылған. Салалық мемлекеттік органдардың және қалалар мен аудандардың әкімдіктерінің ұсыныстары негізінде іске асыруға жоспарланған мемлекеттікжекешелік әріптестік жобаларының пулы ай сайын қалыптастырылады, ол бүгінгі таңда 6 сала мен бағыт бойынша 28 жобаны құрайды.

Оның ішінде, алдағы уақытта 22,6 млрд. теңге сомасына 16 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Тұтастай алғанда, 2021 жылы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Ағымдағы жылға арналған негізгі бағыттар – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бағдарламалық құжаттар мен тапсырмаларына сәйкес облыс алдында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді қамтамасыз ету; анықталған, облыс қабылдаған міндеттемелер мониторингін бағдарламалық құжаттау; мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, сондай-ақ, басқармалар жетекшілік ететін бағыттар бойынша өңірлердің бастамаларын қолдау.

2021 жылы облыс экономикасын одан әрі өркендету және сала-сала бойынша нақты көрсеткіштер өсімін қамтамасыз ету жоспарланған. Міндеттерді орындау жөніндегі жұмыс жүйелі жалғастырылатын болады.

Азамат МҰҚАНОВ,

Қарағанды облысының экономика басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button