Бас тақырыпЖаңалықтар

Экономиканың нақты секторына 5,7 млрд. теңге жұмсалады

Облыс бюджетінің 5,7 млрд. теңгесі экономиканың нақты секторына бағытталатын болды. Бұл туралы Қарағанды облыстық мәслихаттың кезектен тыс ІV сессиясында белгілі болды.

 

Аталған қаржы жылумен жабдықтау нысандарын жөндеу мен салуға, қала аралық әрі ішкі қатынастардағы жолаушылар тасымалын, темір жол тасымалы шығыстарын субсидиялауға жұмсалады. Одан бөлек, бұл қаржы коммуналды шаруашылықтың дамуына, автожолдарды қайта жаңартуға, тұрғын үй құрылысына, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымына да жұмсалады. Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығын қолдау, минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру шеңберінде несиелеу шығындары да ескерілетінін де айту керек.

Облыстық бюджет бұған дейін әкімдік пен қоғамдық кеңестің және облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында қаралды. Шығыстарды қосымша ұлғайту мынадай негізгі бағыттар бойынша көзделген. Экономиканың нақты секторына 5,7 млрд. теңге бағытталды, – деп хабарлады облыстың қаржы басқармасының басшысы Людмила Башарина.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

 

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button