Экономикалық өсімді қамтамасыз ету – міндет
«…Біз өзіміздің жаңа арманымызға қарай жақындауды Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт Жоспарын жасаудан бастадық.
Осы жаңғыртуларға шешуші рөл беріліп отыр. Олар Қазақстанды, оның экономикасын, мемлекет пен қоғамды өзгертетін тарихи міндеттер кешенін шешуге даңғыл жол салады»
Н.НАЗАРБАЕВ.
Басқарманың қызметі өнеркәсіп салаларының экономикалық өсімін, индустриялық – инновациялық дамуын, инвестициялық қызметті қамтамасыз етуге бағытталады. Басқарма өз қызметінде Елбасының және ҚР Үкіметінің Бағдарламалық құжаттарын, соның ішінде 2015-2019 жылдарға арналған Индустриялық – инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа алады.
2016 жылы облыста өсу қарқыны сақталған. Өңдеуші өнеркәсіптің негізгі салаларының қимасында мемлекеттік қолдау шараларын қолдану және индустриялық–инновациялық дамудың жүзеге асыру нәтижесінде оң даму қарқынымен байқалады.
Жалпы ЖӨӨ көлемінің жартысы өнеркәсіпке келеді 47,9% (2016 жылғы қаңтар – қыркүйек), соның ішінде өңдеуші сала – 31,6%, бұл да республикада жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Республикалық көлемде облыстың өнеркәсіптік өндіріс көлемі 15,1% құрайды (Атырау облысынан кейін 2 орын), соның ішінде өңдеуші сала – 23,6% (ҚР-да 1 орын).Өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігі 2016 жыл бойынша 65 мың АҚШ долларын құрайды (ҚР-да 1 орын).
2016 жылдың ІІІ тоқсанында өнеркәсіптік саланың кәсіпорындарында жұмыскерлер саны 182,5 мың адамды құрайды, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте – 89,3 мың адам. 2015 жылы инновациялық–белсенді кәсіпорын үлесі әрекеттегі кәсіпорындар қатарынан 9,2% құрайды және 2014 жылмен салыстырғанда 9,5%-ға артты. 2015 жылы өндірістің жалпы көлемінде инновациялық өнім сомасы 18 млрд. теңгеден асады және өнеркәсіптің жалпы көлемінде оның үлесі 1,3% құрайды, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіп – 1,5%.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемі жылдың басынан 1895,7 млрд. теңгені, нақты көлемі индексі – 104,9% құрайды. Өңдеуші өнеркәсіпте НКИ 107,2% немесе 1495,6 млрд. теңгені құрайды. Өсім фармацевтикалық өнім, резеңке және пластмасс бұйымдар, өзге металл емес минералды өнімдер, қара және түсті металлургия және машина жасау өндірісінде байқалды. 2016 жылы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу бойынша оң серпін байқалады, нақты көлем индексі – 104,4% (195 млрд. теңге).Өсім темір кенін өндіруде – 27,3%-ға, қорғасын-мырыш – 32,5%-ға, мыс концентраты – 12%-ға, мыстың мыстағы концентраты – 4,2%.
Жүйеқұрушы кәсіпорындар жұмысының оң серпіні байқалады. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында болат өндірісінің көлемі – 11,2%, илектерді тиеп-жөнелту – 22,2% құрады. Елбасының қатысуымен Жалпыұлттық Телекөпір барысында 6 желтоқсанда №4 домна пешін қайта құрудан кейін пайдалануға қабылданды.
№4 домна пешін қайта құрудан кейін пайдалануға қабылдаумен алғашқы бөліністегі толық қайта құру аяқталады, бұл комбинатқа 2017 жылы 4,2 млн. тонна қуаттылыққа немесе өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 8,9% артық деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Қыркүйек айынан бастап, «АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментінің шахталарында көмір көлемі артуда. «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-де тазартылған мыс өндірісі НКИ 99%, тазартылған алтын – 137,9% құрайды.
2016 жылы қара мыс концентратын гидрометаллургиялық қайта өңдеу бойынша тәжірибелі зауыт құрылысын салу басталды, іске қосу мерзімі 2018 жылдың І тоқсанында жоспарланған.
Электрмен қамтуда, газ жеткізуде, бу және ауа кондициялауда нақты көлем индексі 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,1% немесе 179,5 млрд. теңгені құрады. Сумен қамтуда, кәріз жүйесінде, қалдықтарды жинау мен таратуды бақылауда нақты көлем индексі 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,2% немесе 25,7 млрд. теңгені құрады. ҚР Үкіметінің экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарының 76 тармағын орындау аясында өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау бойынша жұмыстар атқарылды. Бұл – негізігінен теміржол тасымалдауларына және электрмен қамту жүйесіне тарифтер бойынша төмендетілген коэффициент қолдану бойынша мәселелер.
2016 жылы Қарағанды облысының 6 кәсіпорны төмендетілген коэффициент түрінде қолдау алған – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ (т/ж тарифі, э/қ тарифі), «Тау-Кен Темир» ЖШС (э/қ тарифі), «BapyMining» ЖШС (т/ж тарифі), «Жайрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ (т/ж тарифі) және «Темиртауский электрометаллургический комбинат» АҚ (э/қ тарифі), «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС (т/ж тарифі).
«Өнімділік-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қарағанды облысы кәсіпорындарының осы бағдарлама аясында мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін тарту бойынша жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі. 2016 жылы «Казахстанский институт развития индустрии» АҚ, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «Фонд Науки» АҚ сияқты түрлі даму институттарымен семинар-мәжілістер өткізіліп, кәсіпорындарды аралау ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ аумақтық кластерді дамыту операторы ретінде анықталды. Осыған орай, «Шағын және орта кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттігін арттыру» жобасының аясында Дүниежүзілік даму банкімен бірлесіп, ҚР-да кластерлік саясатты жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы кәсіпорындарды ақпараттандыру мақсатында «ҚИДИ» АҚ өкілдерімен машина жасау, құрылыс және жеңіл өнеркәсіп, сонымен қатар химия және фармацевтика салалары кәсіпорындарының басшыларымен және өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда мемлекеттің және «Сарыарқа» Технопаркінің қолдауымен облыстың инновациялық жүйесі белсенді дамып келеді.
Технопарк табысты бизнесмендердің, кәсіпкерлердің, сертификатталған коучтердің, лекторлардың, сонымен қатар, осы технопарк қызметкерлерінің қатысумен мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібін түсіндіру үшін жүйелі түрде семинарлар, тренингтер және консультациялар өткізеді. «Сарыарқа» технопаркі» ЖШС-де Өңірлік коммерцияландыру орталығы (ӨКО) ұйымдастырылған және қызмет етеді. Кәсіпкерлікті қолдау картасына Қарағанды облысынан бүгінгі таңда 649 млрд. теңге сомасына, 10 373 жаңа жұмыс орындарын құрумен 98 жоба енгізілді. Соның ішінде республикалық Картаға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жобасы енген.
Облыстың барлық 18 өңірі Кәсіпкерлік қолдау картасына ұсынылған. Өңірлік картаға – жалпы сомасы 515,5млрд. теңге болатын, 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 97 жоба енген. Карта аясында бүгінгі таңда жалпы сомасы 245 млрд. теңге болатын 78 жоба жүзеге асырылған. Кәсіпорындарда 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылған.Олардың ішінде 14 жоба РФ, ҚХР, Қырғызстан, Түркия, АҚШ сияқты елдерге экспортқа өнім шығарады. Сонымен қатар, Картаның 15 инвестициялық жобасы шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асырылған.
Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру облыста машина жасау, фармацевтика, құрылыс индустриясы және АӨК саласында жаңа өнім түрлерінің өндірісін құруға мүмкіндік береді. 2016 жылы жалпы сомасы 102,9 млрд.теңгеге, 956 жаңа жұмыс орындарын құрумен 10 жоба жүзеге асырылды.
2010 жылдан бастап 2016 жылға дейін Картаның іске қосылған жобаларымен жалпы сомасы 432,5 млрд. теңгеге, соның ішінде 2016 жылы – 141,4 млрд. теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде «Кәсіпкерлікті қолдау картасы» жобаларының үлесі 7,5% құрады, өңдеуші өнеркәсіпте – 8,3% немесе 124,5 млрд. теңге.
Сонымен қатар, өндіріс көлемінің қосымша өсу резервтері ретінде 2016 жылы Индустрияландыру картасынан тыс 2381,6 млн. теңге көлемінде 9 жоба іске қосылды, 123 жұмыс орны құрылды. Өндірістің жалпы өндірісі көлемі 183,5 млн. теңгені құрайды.
Экономиканың тұрақты дамуы инвестициялық белсенділіктің өсуімен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын экономикаға шамамен 300 млрд. теңге инвестиция жасалады. Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2016 жылдың қорытындылары бойынша 315,4 млрд. теңгені құрайды. Инвесторлардың өз қаражаттары саланы қаржыландырудың негізгі көзі болып қала бермек және 271,6 млрд. теңгені құрайды.
Өңір экономикасының өсу нүктесі «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақ болмақ. Бүгінгі таңда оны дамытудың негізгі аспектілері – аумағында орналасқан оның инфрақұрылымы мен жобалар.
Осы уақытта АЭА қатысушы мәртебесін 10 компания алған (4 жүзеге асырылған, 3 жүзеге асырылу барысында және 3 жүзеге асыруға жоспарланған). Облыста «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақ құрылған. АЭА аумағында жобаны жүзеге асыру жағдайында салық міндеттері бойынша нөлдік пайыздық мөлшерлеме түрінде (0%) жеңілдіктер алады, олар: корпоративті табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы, қосылған құн салығы және кеден бажы. Мәселен, АЭА қызмет ету кезеңінде инвесторлар шамамен 19,5 млрд. теңгеден астам сомада тікелей инвестициялар жасаған, олар бойынша қайтарым инфрақұрылым құрылысына салынған 1 (бір) теңгеден 85 тиынды құрайды. Инвесторлардың құжаттарды жинау және әзірлеуге қатысуын және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеу үшін 2016 жылдың басынан Қарағанды қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтары филиалдарының бірімен «инвесторлар үшін бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызметтер ұсынылады. Қызмет көрсетіле бастағаннан бастап орталыққа 261 өтініш келіп түсті, 267 өтініш бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Сәуірде өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстыру және әлеуетті инвесторларды тарту мақсатында «Karaganda Invest» Халықаралық инвестициялық Форумы өтті. Инвестициялық форумға алыс шетелдерде он елдің өкілдері, сонымен қатар республикамыздың сегіз облысынан өкілдер қатысты. Жергілікті және халықаралық Меморандумдарға және инвестициялық Келісім-шарттарға қол қойылды, олар Қарағанды облысының экономикалық және әлеуметтік дамыту саласында ынтымақтастық талаптарын анықтайды. Форум аясында әлеуетті инвесторлар үшін инвестицияны қажет ететін 154 инвестициялық жобадан тұратын каталог құрастырылды.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, инвестицияларды тарту бөлігінде жүзеге асыру аясында елімізге трансұлттық компанияларды тарту бойынша міндеттер қойылған. Атқарылған жұмыстар аясында бірқатар ірі халықаралық компаниялар тартылған.
Инвесторларды тарту жұмысындағы жекелеген бағыт Қазақстан – Қытай ынтымақтастығы аясында жұмыс болып табылады. Осы уақытта Үкіметпен келісілген, жоғары өңдеу деңейімен жобалардың тізіміне облыстан жалпы сомасы 1 трлн. теңгені құрайтын және 3 мыңнан астам жұмыс орындарын (3145) құрумен екі жоба енгізілді.
1. ҚР-да көмірді қайта өңдеу бойынша кешен құрылысын салу.
2. «Сарыарқа» АЭА аумағында кешенді қорытпалар зауытының құрылысын салу.
Бүгінгі таңда жоғарыда аталған біріккен жобаларды іске асыру бойынша жол карталары әзірленген.
Түрлі ұйымдардың сатып алуларында жергілікті қамту үлесін талдау тоқсандық негізде жүргізіледі. Мониторинг облыстың барлық аумағы бойынша 4 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі, ол:
– Мемлекеттік сатып алу;
– Ұлттық компаниялар мен холдингтердің сатып алулары;
– Жүйеқұрушы кәсіпорындардың сатып алулары;
– Жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың сатып алулары.
Nadloc жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінің ақпараты бойынша 2016 жылғы 9 айдың қорытындылары бойынша барлық 4 бағыт бойынша жалпы жергілікті қамту үлесі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71,6%-дан 72,3%-ға дейін немесе 0,7 пайыздық тармаққа артты.
Ақшалай мәнде өсім 100,5 млрд. теңгені құрады. Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының сатып алуларында жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында 2016 жылдың ақпанында жалпы сомасы 52,2 млрд. теңгеге қазақстандық қамтуды дамыту бойынша 8 Меморандумға қол қойылды.
Бүгінгі таңда осы Меморандумдар негізінде Қарағанды облысының 107 өндірушісімен 89,2 млрд. теңге сомасына 571 шарт жасасты.
Сонымен қатар, қазақстандық қамтуды дамыту және өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау мақсатында өңіраралық кооперация бойынша жұмыс атқарылуда.
Осы жұмыс аясында Қарағанды облысының әкімдігі және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасында «Астана ЭКСПО 2017» халықаралық көрмені ұйымдастыру және өткізу бойынша Меморандумға және біріккен іс-шаралар Жоспарына қол қойылды.
Өзара ынтымақтастық туралы жасасқан келісімшарт аясында соңғы уақытта Қарағанды облысының әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ және өңірдің тауар өндірушілері арасында Қарағанды облысының аумағында, сонымен қатар ЭКСПО құрылыс алаңшаларында 6 кездесу ұйымдастырылған.
Бүгінгі таңда «ЭКСПО-2017» нысандарының құрылысы бойынша мердігер ұйымдармен Қарағанды облысының 23 кәсіпорындары жалпы сомасы 9,2 млрд. теңгеге 30 келісімшартқа, 6 кәсіпорынмен 82,4 млрд. теңге сомасына жұмыстарды және қызметтерді көрсету бойынша шартқа қол қойылды.
Атқарылған жұмыстардың қорытындылары бойынша Қарағанды облысының 16 өндірушілері 2,6 млрд. теңгеден астам сомаға мұнай-газ компаниялармен келісімшарт жасасты. 2016 жылдың 1 маусымында Алматы қаласына да ұқсас сапар өтті.Делегация құрамына өңірдің түрлі өнеркәсіп салаларындағы 40-тан астам кәсіпорындарының өкілдері мен басшылары енген.Жұмыс сапарының қорытындылары бойынша Қарағанды облысының кәсіпорындары Алматы қаласына 31,5 млн. теңге сомасына тауар жеткізді.
Облыс кәсіпкерлерінің палатасымен бірлесіп, өңір өндірушілерінің «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмеге және «Алтын сапа» ҚР Президентінің сыйлығын алуға конкурсқа қатысуы ұйымдастырылды.
2016 жылдың 6 желтоқсанында Индустрияландыру күнін өткізу аясында Қарағанды облысының 3 кәсіпорны аталған конкурс лауреаттарының атақтарына ие болды. Олар:
– «Инкар-1» ЖШС – өнеркәсіп бағытындағы үздік кәсіпорын номинациясында.
– «Руми-ЭН» ЖШС- «халық үшін үздік тауар» номинациясында.
– «Пульс» ЖШС- үздік азық-түлік тауары номинациясында.
Өңір кәсіпорындарының ЕАЭО жаңа жағдайларына бейімделуі мақсатында Техникалық реттеу мәселелері жөніндегі өңірлік штаб құрылды.
Өңірлік штаб аясында облыс кәсіпорындарына ЕАЭО елдерінің аумағында енгізуге жоспарланған жаңа техникалық регламенттері түсіндіріледі.
Басқарманың жұмысы мемлекеттің индустриаландыру бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған, бұл – экономиканың шикізат емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, отандық тауарлардың өндірісін және сол өнімдердің шетел нарығына шығуын қолдау, жүзеге асып жатқан өнеркәсіптердің модернизациясы және де жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.
Ғ.ЖҰМАСҰЛТАНОВ,
«Қарағанды облысының өнеркәсіп және
индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысы.