Бас тақырып

Экономикада екпін бар

Облыста ел Президентінің тап­сырмаларын, сондай-ақ, 2029 жылға дейінгі елдің Ұлттық даму жоспарында қойылған міндеттерді орындау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қойылған міндеттерді орындау үшін жобалар мен бағдарламалар іске асырылады, қызметтер көрсетіледі, бизнес субъектілеріне қолдау жа­салады. Өткен жылы облыста эко­номика өсімі 11,3%-ға негіз­деліп, ЖӨӨ 9,2 трлн теңгені құрады.

Коллажды жасаған Ш.Адамбекова

– Қарағандыдағы экономика саласы бойынша жетекші орын алатын қуатты индустриялық орталық. Облыс­тың қазіргі жай-күйі оң динамикалық көрсеткіш көрсетуде. 17,9 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде, тұрақтысы – 14,5 мың. Биыл Мемлекет басшысы жалпы ішкі өнімді кемінде 7%-ға өсіру міндетін қойды. Биылғы 4 айда негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы қамтамасыз етілді. Өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың перспективалық бағыттарын анықтау мақсатында Қарағанды ​​облысының экспорттық тауарлары төмен, орташа және жоғары технологиялық тауарларға жіктеледі, – деді экономика басқармасының басшысы Дулат Ашкенов.

Спикер атап өткендей, өткен жылы облыста экономиканың 11,3%-ға өсуі қамтамасыз етіліп, ЖӨӨ 9,2 трлн теңгені құрады. 17,9 мың жұмыс орны құрылды, оның 14,5 мыңы – тұрақты жұмыс орны. Құрылыс жұмыстарының көлемі 9% өсіммен 97,6 млрд. теңгеден асты.

Сондай-ақ, биылғы жылдың 4 айында 649 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды. Жыл қорытындысы бойынша шамамен 545 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарлануда. Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрған 1 332 отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дулат Ашкеновтің айтуынша, шағын және орта бизнесті қолдау және қолайлы бизнес-климат құру – басым міндет. Сонымен қатар, барлық қажетті инфрақұрылымы бар шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру басталды.

Айта кеткен жөн, елімізде бірінші болып, Қарағанды облысы бөлшек сауда салығын 4-тен 2%-ға дейін төмендеткен. Нәтижесінде арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер саны 16 есе өсті. Тартымдылықты көріп, облысқа басқа аймақтардан салық төлеушілер келді. Бұл қазынаны едәуір толықтыруға мүмкіндік берді.

Аяулым СОВЕТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button