Экологтар сенбілікке шықты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Су тасқынына ұшырамаған өңірлерде «Таза Қазақстан» науқаны басталды. Сенбілікке шығып, жұмыс істеген сыңай танытып, көзбояушылық жасауға болмайды. Көршілес елдердікі секілді бізге де Қазақстанды көгалдандыру, өңірлер мен қалалардың аумақтарын тазарту жұмыстарын үнемі жүргізу керек», – деді.
Қарағағанды облысы бойынша экология департаментінің ұжымы өңір экологтарымен, еріктілер қауымымен бірлесіп республикалық сипат алған акция аясында сенбілікке шықты.
Облыс аумағында өтіп жатқан сенбілік серпін беруде. Ерікті жастар мен мемлекеттік орган қызметкерлері бұл күні аулалар мен демалыс орындарын және көше бойларын қоқыстан тазартып, ағаш түбін қопсытып, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізеді.
Аумақты көріктендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру мақсатында өткізіліп жатқан жалпы облыстық сенбілікте бірқатар ілкімді жұмыстар атқарылуда.
Экологтар облыс әкімдігі тарапынан ұйымдастырылатын сенбіліктерге барлық тұрғындарды бірігіп қатысуға, елдімекендер тазалығына өз үлестерін қосуға шақырады.
Шығарылған қоқыс көлемі мен нақты нәтижелер кейінірек қосымша жарияланатын болады.
Ерқанат КЕҢЕСБЕК,
Ortalyq.kz