Ресми

Экологиялық жауапкершілік – Жаңа Конституцияның маңызды қағидаты

Жаңа Конституция жобасында тиісінше табиғатты сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жасыл болашаққа бағытталған жауапкершілік – мемлекетіміздің ең маңызды қағидаттарының бірі ретінде айқын жазылды. Өздеріңіз білетіндей, бұл Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтары, әлеуметтік әділеттілік, экономикалық және саяси даму ғана емес, сонымен бірге табиғатты қорғау міндеттері де стратегиялық басымдық ретінде көрсетілді.

Сурет автордың жеке мұрағатынан

Экологиялық қауіпсіздік – біздің ортақ болашағымыздың кепілі. Жаңа Конституцияда:

азаматтардың табиғатты сақтауға және қоршаған ортаға жауапты қарауға міндетті екені нақтыланады;

жауапты органдар мен тұлғалар нақты экологиялық қауіптерді жасыру үшін заң алдында жауап беретіні аталып өтеді;

Сонымен қатар жоғары деңгейлі экологиялық мәдениетті қалыптастыру мемлекет тарапынан насихатталатын негізгі принцип ретінде бекітіледі. Бұл – біздің қоғамымыз үшін өте маңызды қадам. Себебі экология – бұл тек табиғатты қорғау ғана емес, адам денсаулығы, қауіпсіздік пен болашақ ұрпаққа таза жер сыйлау деген сөз. Қазақстанның әр өңірінде, әр қала мен ауылда бұл идеяны шынайы іске асыру – біздің ортақ парызымыз.

Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы миллиондаған адамды біріктірді. Бұл құбылыс қоғамның экологиялық жауапкершілігін күшейтіп, табиғатты сақтау идеясын күнделікті өмірге енгізуде үлкен рөл атқарды.

Біз енді Конституция деңгейінде:

✔ табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануымыз;

✔ экологиялық зиянды азайтумыз;

✔ табиғатты қалпына келтіру бойынша шаралар жүргізуді заң жүзінде міндеттеу сияқты принциптерді бекітеміз.

Осы арқылы біз табиғатты сақтау мен экономикалық даму арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеміз.  

 Асылжан ТӨЛЕГЕНОВ
«Kazakhmys holding» ЖШС компаниясының экология мәселелері жөніндегі департаментінің бас маманы, «ТALDAU мектебі Қарағанды» аналитика мектебінің түлегі

Басқа материалдар

Back to top button