Бас тақырыпБасты тақырып

Экология департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қарағанды облысының Экология департаментінің басшысы болып Бегәлі Сапаралыұлы Сапаралиев тағайындалды. Жаңа жетекшіні  облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте таныстырды.

Сурет облыс әкімдігі сайтынан

Бегәлі Сапаралиев 2004 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Сот жүйесінде жұмыс істеп, әр жылдары Маңғыстау облысының Әділет департаменттерінде  басшылық лауазымдарды атқарған.

Сондай-ақ, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитетіне қарасты Өнеркәсіптік меншік басқармасын басқарды.

Кейін елордадағы Жеке сот орындаушылары республикалық палатасының аппаратына жетекшілік етті.

2019 жылдан жаңа тағайындауға дейін жеке құрылымдардың бірінде басшылық қызмет атқарды.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button