Экология департаментінде жаңа басшы
Қанат Жантұяқұлы МҰСАПАРБЕКОВ Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Қанат Жантұяқұлы 1963 жылы туған. 1989 жылы Семей технологиялық ет және сүт өнеркәсібі институтын «технологиялық процестер мен өндірісті автоматтандыру», 1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономика және өндірісті басқару» біліктіліктері бойынша тәмамдаған.
1997 жылдан Шығыс Қазақстан облысында түрлі басшылық лауазымдарда, оның ішінде, Аягөз ауданында бөлім меңгерушісі, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2004 жылдан қоршаған ортаны қорғау саласында қызмет істейді.
2004-2006 жылдары Шығыс Қазақстан облысы аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы басшысының орынбасары, 2006-2008 жылдары аталған басқарма басшысының міндетін атқарушы, 2008-2009 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және қадағалау комитеті Ертіс экология департаменті мемлекеттік экологиялық инспекциясы бөлімінің бас маманы, 2009 жылы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті тұрақты даму басқармасының сарапшысы, 2009-2011 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және қадағалау комитеті Жайық-Каспий экология департаменті басшысының орынбасары, Атырау облысының бас мемлекеттік экология инспекторы, 2011-2012 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және қадағалау комитеті Есіл экология департаменті басшысының орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік экология инспекторы, 2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшысы, 2013-2014 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 2014 жылдан осы уақытқа дейін «ҚазАтомПром» ҰК» АҚ Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры болды.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.