Ресми

Екінші жартыжылдықтан бастап коммуналдық тарифтер өседі

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2023 жылы коммуналдық тарифтердің өсетінін айтты.

Билік жекеменшік және мемлекет меншігіндегі субъектілердегі желілерді жаңартып, желілердің тозу көрсеткішін 15-20 пайызға төмендетуді жоспарлауда. Алайда, осының бәрін жүзеге асыру үшін тарифті көтергеннен басқа амал жоқ екен.

–  Бұған себеп — инженерлік желілердің тозуы. Кейбір қалаларда осы көрсеткіш 80 пайызға дейін жеткен. Мұның барлығын тарифтің есебінен жаңарту жоспарланып отыр. Екінші жартыжылдықтан бастап тариф жағынан өзгерістер болады. Әрбір қаладағы желілер мен нысандар жан-жақты зерделенеді. Соған қарай тарифтер де көтеріледі. Екібастұзда бағаны 2,5 есеге көтеруге ұсыныс берілді. Әрине, ол мүмкін емес. Бірақ біз халықтың жағдайына қарай тарифті көтеру мәселесін талқылаймыз, – деді Әлібек Қуантыров.

Басқа материалдар

Back to top button