ЖаңалықтарРесми

«Екібастұз жылу-электр орталығындағы жөндеу жұмыстарын меншік иесі жүргізуі тиіс»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз жылу-электр орталығындағы жөндеу жұмыстарын меншік иесі жүргізуі керектігін айтты, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Экспресс К. Сайтына сілтеме жасап.

– Бұл – ауыл мен қаланың ауқымында шешіле беретін тұрмыстық мәселе. Бірақ біз оны Үкіметтің деңгейінде қарауға мәжбүрміз. Өйткені осы саладағы төтенше оқиғалар тым көп болып кетті, – деді Тоқаев.

Ол осы ретте Петропавл, Теміртау, Степногор, Балқаш, Қарағанды, Ақтөбе және Риддердегі апаттарды еске салып өтті. Президент соның ешқайсысынан әкімдер мен министрлер, ең бастысы, меншік иелері тиісті қорытынды жасамағанын айтты.

Бұған дейін депутаттар нысан қожайыны жылу-электр орталығын мемлекетке бір теңгеге сатуға дайын екенін мәлімдеген болатын. Президент бұл жағдайдан хабардар екенін, жөндеу жұмыстарын сол тұлғаға арту керектігін айтты.

– Нысанға тәуелсіз аудит жүргізу керек. Әбден тозған орталықты мемлекет тиімді басқара ала ма, ең алдымен, осыны зерттеу керек. Кәсіпорынның 50 пайызын алып, меншік иесіне Жылу-электр орталығын күрделі жөндеуден өткізуді тапсырған жөн, – деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, олигарх Александр Клебанов — «Екібастұзжылуэнергия» ЖШС құрылтайшысы. Ол депутаттармен кездесуде мекемені 1 теңгеге мемлекетке сатуға дайын екенін айтқан.

Айта кетейік, 27 қарашада Екібастұзда жылу-электр орталығындағы бірнеше қазандық агрегаты тоқтап, тұрғындар жылусыз қалған болатын.

Басқа материалдар

Back to top button