АймақЖаңалықтар
Екі жастағы бала терезеден құлап, мерт болды
Бүгін «Құрылысшылар» даңғылы бойында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтердің терезесінен 2 жастағы бала құлап кетті. ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бала оқиға орнында көз жұмған.

Балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлауымен байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында департамент балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.