АймақБұқар жырау

Екі тілде өткен мерекелік викторина

Ғабиден Мұстафин кентінің көпшілік кітапханасының қызметкерлері Халықаралық әйелдер күнінің құрметіне осындағы қыз-келіншектер арасында қазақ және орыс тілдерінде мерекелік викторина өткізді.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Жүргізушілер Л.Никишина мен Г.Муталяпова жиналған қауымды мерекемен құттықтап, оның тарихына тоқталып, ақындардың әйел-аналарға арнаған өлеңдерін оқып, викторина сұрақтарына кезек берді.

Шара барысында викторина сұрақтарына дұрыс жауап берген Т.Ванюркина, Т.Үсенова мен А.Сыздықоваға сый-сияпат жасалып, тақырыпқа сай ұйымдастырылған көрме ұсынылды.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button