Екі тағдыр – бір мұра
Осындай тақырыппен Бұқар жырау аудандық балалар кітапханасының қызметкерлері “Бір ел – бір кітап” акциясы аясында ақын-жазушылар Жұмекен Нәжімеденов пен Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығын насихаттау мақсатында Ботақара кентіндегі Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебінің жазғы лагерінде әдеби кеш өткізді.

Іс-шара барысында жазғы лагерьде демалып жатқан оқушылар жоғарыдағы екі қаламгердің өмірбаяны мен шығармашылығымен танысып, олар туралы бейнероликтерді көріп, кітаптарының көрмесін тамашалады. Оларға қос қаламгерге арналған жадынамалар таратылып, екі командаға бөлінген оқушылар аталған қалам қайраткерлері жөнінде постер жасады. Бұл сынға екі команда да белсене қатысып, өздері жасаған плакаттарын сәтті қорғап шықты. Сол арқылы олар топтық жұмыс жасауға үйреніп,танымдық ойлау қабілеттерін жетілдіріп,кітап оқуға құштарлықтарын арттырды.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы