Егіздер алғаш рет дауыс берді

Дауыс берушілердің қатарында алғаш рет дауыс беріп жатқан Перизат пен Шеризат есімді егіздер де бар. Олар Қарағандыдағы Кеншілер Мәдениет сарайындағы №17 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Перизат пен Шеризат Мансұр Қарқаралы ауданы, Ақжол ауылының тумасы. Бүгінде Қарағанды жоғарғы гуманитарлық колледжінің студенттері. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту бөлімінде білім алады.

— Биыл біз алғаш рет дауыс беріп отырмыз. Ел дамуына үлес қосу үшін дауыс бергелі келдік. Себебі әркімнің дауысы маңызды. Сондықтан, сіздерді де сайлаудан қалыс қалмай, дауыс беруге шақырамын, — деді олар.

Алғаш рет дауыс беріп отырған қос аруға сый-сияпат жасалды.

Ербол ЕРБОЛАТ