Аймақ

Егіс алқаптарына дәрі себілді

Қарқаралы ауданындағы егістік алқаптарына зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Сурет: Ашық дереккөз

Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы  «Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №100 бұйрығына сәйкес, жыл сайын шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл шара биыл да жалғасын тапты.

– Аудан бойынша 9,24 мың гектар мемлекеттік жер қорындағы алқапқа саяқ шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізілді. Атап айтқанда, Қасым Аманжолов ауылдық округіне қарасты 2600 гектар жер және Темірші ауылдық округіндегі алқап химиялық өңдеуден өтті, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Айдын Қасымов.

Егіс алқабындағы зиянкестермен күрес жұмыстары Ынталы ауылдық округінде де жалғасады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button