Қарағанды

Егемендіктің ерен сыйы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қарағанды  қаласындағы «Балбөбек» балабақшасының басшысы А.Китанованың басшылығымен «Тәуелсіздік – тірегім!» тақырыбымен бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Мұндағы мақсат – мектеп жасына дейінгі балаларды елін, жерін сүюге, тәуелсіздікті бағалай білуге, әділетті болуға тәрбиелеу.

Қай заман болсын, адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, жүрегі елім, жерім деп соғатын батыр, батыл, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті іске асыруға көмекші ретінде балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналарына арналған «Тәуелсіз елім – Қазақстан!» атты арнайы папкалар дайындалды. Дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасын ұғындыру мақсатында мектеп жасына дейінгі ортаңғы топ балаларымен «Қазақстаным – мақтанышым!» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Сонымен қатар, мемлекет рәміздерін қастерлеу, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғындыру, ертеңгі еліміздің шыншыл да шымыр азаматтарын тәрбиелеу мақсатында «Қазақстанға саяхат» атты дене шынықтыру ойын-сауығы ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, Тәуелсіздіктің түп-тамыры – Желтоқсан оқиғасына тағзым ретінде «Сүйіспеншілікпен саған, менің Қазақстаным!» атты ертеңгіліктер өткізілуде.

Осы арқылы біздің кішкентай тәрбиеленушілеріміз Отанымыздың патриоты болып,  үлкен жетістіктерге жететіндіктеріне сенімдіміз.

 

Салтанат ӘБІЛТҮСІПОВА,

әдіскер.

Жазира ҚАСЫМОВА,

қазақ тілі мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 

Басқа материалдар

Back to top button