Поэзия

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕЛБАСЫ!

Ел жүгін арқалаған

арлы ерім,

Игі ісің қайыстырар

нардың белін.

Келесіз ұлтың үшін

тыным таппай,

Жұмақ өмір сыйлау ой,

бар білгенім.

 

Алашқа Астанасын

салып берген,

Әлемді мойындатқан

саңлақ дер ем.

Өресін жас ұрпақтың

өрелі еттің,

Бүгінде тату- ғұмыр

барлық елмен.

 

Баянды болашаққа

жол сілтеген,

Тағдырын ойлап елдің,

көз ілмеген.

Қазақтың ұлылығын

паш еттіңіз,

Әр ісіңіз сом алтын,

сөзің берен.

 

Ұрпағы «Мәңгілік Ел»

текті болар,

Елдік, бірлік ұраны

еркін толғар.

Сарабдал саясаттың

лебі шығар,

Ізгілік, ұлы арманға

елім құмар.

 

Атан түйе тарта

алмас еңбегіңді,

Қазаққа сыйға тарттың

кемел күнді.

Алаштың айбары боп

жарқылдай бер,

Тәңірім түсірмесін

беделіңді!

 

Ізтөлеу Түсіпов,

ҚР Журналистер одағының мүшесі, ақын.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button