Жаңалықтар

Еңбекпен түзеу мекемесінде еңбекті қорғау күні өтті

Жыл сайын 28 сәуір күні – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып өтеді. Кәсіби мереке қарсаңында №34  мекемеде «Еңбекті қорғау күні» өтті.

Суреттер: №34 мекеме басшылығынан

Еңбекті қорғау күнінің негізгі мақсаты – жұмыс берушілердің, қызметкерлердің, жұртшылықтың өндірістік жарақаттану және қолайсыз еңбек жағдайлары мәселелеріне назар аудару, сондай-ақ осы мәселелерді шешуге ықпал ету болып табылады.

Мекеменің №1 колледжінің оқытушыларының көмегімен жазасын өтеушілерге «Еңбектегі және оқудағы қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Сонымен қатар, еңбекті қорғау және қауіпсіздік күніне арналған сурет байқауы өтті.

– Біз жазасын өтеушілердің жұмысы қауіпсіз болғанын қалаймыз және осы мақсатқа қол жеткізу үшін қолжетімді ақпарат алуға бағытталған шараларды қолданып жатырмыз. Сотталғандар жұмыс орнында жарақат алмау үшін қауіпсіздік ережелерін білуі және оны сақтауы керек, – деп атап өтті мекеме басшысының орынбасары Әсет Қызылов.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button