Бас тақырыпЖаңалықтар

Еңбекақы қайта есептеледі

Қарағандылық дәрігерлердің еңбекақысы артты. Денсаулық сақтау саласының 18 398 қызметкері шілде айындағы еңбекақысын 30 пайыздық үстемемен алатын болады. Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Дәрігерлер, медбикелер мен санитарлардың жалақыларына қосымша қосылады. Оның ішінде, қызметтік жалақы емес, нақты еңбекақы көтерілді. Мысалға, егер бұған дейін медициналық қызметкер 80 000 теңге алса, бірінші шілдеден бастап оның жалақысы 24 000 теңгеге көбейіп, 104 000 теңгені құрайтын болады.

Еңбекақы денсаулық сақтау жүйесінің барлық салаларында көтерілді. Көмекші қызметкерлердің де (хатшылар, күзетшілер, аула сыпырушылар және басқалары) жалақыларына 22-30% аралығында үстемеақы қосылады. Есептеулер жұмыс өтіліне, қызмет көрсету саласы мен қосымша жұмыстарға қатысты есептеледі.

мәселесін денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаев жеке өз бақылауына алды. Ол үшін мекемеде zarplata@zdravkrg.kz электронды поштасы құрылды. Осы жерге жалақының жаңа жүйесіне байланысты сұрақтары бар кез келген медициналық қызметкер хат жаза алады.

– Еңбекақыны қайта есептеген кезде мәселелердің туындауы орынды. Сондықтан, жаңадан ашылған электронды поштаға кез келген қызметкер тілек, өтініштерін немесе жалақысының түбіртегін жолдай алады, – деп түйіндеді Ержан Нұрлыбаев. Бюджет саласының жалақысы төмен қызметкерлеріне еңбекақыларын көтеруді «Nur Otan» партиясының съезінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев тапсырған болатын. Оны жүзеге асыру Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1-ші шілдеден басталатын болып қабылданған еді. Жалақыны көтеру республикалық бюджет және жергілікті медициналық ұйымдарының жеке есебінен жүргізілетінін айта кету ләзім.

Жансая ОМАРБЕК.

Басқа материалдар

Back to top button