Жаңалықтар

«Еңбек жолы» республикалық конкурсы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  ең үздік еңбек әулеттерімен  және өнеркәсіп жұмысшыларын анықтау, еңбек дәстүрлерін арттыру және сақтау, жастарды еңбекке құрметпен қарау рухында тәрбиелеу мақсатында «Еңбек жолы» республикалық конкурсының басталуы жарияланды.

Конкурс еңбек адамының мәртебесін қоғамда жоғарылатуға және «Жаппай еңбек қоғамы» қамқорлығымен еңбек өнімділігін ынталандыруға мүмкіндік береді.

Конкурсқа кәсіпорындардың барлық жұмыскерлері қатыса алады (салаға байланысты емес).

Конкурс 3 номинициядан турады:

  • «Ең үздік еңбек әулеті» – марапаттар саны ең көп, өтілімі ең ұзақ,

көп мүшелі әулет таңдалады;

  • «Өңдірістің ең жас жұмыскері» – еңбек өтілімі 5 жылдан көбірек,

өңдірістің ең еңбекқор және белсенді жұмыскері таңдалады;

  • «Жұмыс істеуші жастардың ең үздік тәлімгері» – еңбек өтілімі 20

жылдан кем емес, аса тиімді тәлімгер таңдалады.

            Қажетті құжаттардың тізімі:

  • Номинацияның көрсету мен конкурсқа қатысу туралы ерікті өтініш;
  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Номинацияның тақырыбы бойынша 1-3 минут бейнеролик (жұмыс

орны және дағдыларын көрсету, ықылас болса);

  • Конкурсқа қатысушы туралы (жұмыс, жанұя, құмарлық, хобби және

т.б)  компьютерлік таныстыру  1-3 минут (Microsoft Power Point форматта);

      5) жұмыс берушімен куәландырылған әр еңбек әулет өкілінің немесе,  жұмыскердің еңбек кітапшасының және басқа еңбек өтілімін растайтын құжаттардың / жұмыс орнынан анықтаманың көшірмесі;

      6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан кепілдемелік хат;

Бар болса  (келесі құжаттардың көшірмелері):

Мемлекеттік немесе ведомстволық марапат, грамоталар, алғыс хаттар, біліктілігін арттыру бойынша сертификаттар.

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2020 жылдың 30 сәуіріне  дейін «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де қабылданады (Қарағанды қаласы, Поспелов көшесі, 16 үй, 10 кабинет, анықтама телефондары: 56-72-27, 30-01-69).

Барлық ниет білдірген тұрғындарды және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталған конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Басқа материалдар

Back to top button