Жаңалықтар

«Еңбек жолы» аймақтық байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

«Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс тұрғындары мен жұмыс берушілеріне және облыс кәсіпкерлеріне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек жолы» байқауының басталғаны туралы хабарлайды.

Осыған байланысты облыстың қалалары мен аудандарында еңбек адамдарына құрмет көрсетуге, еңбек әулеттеріне, облыстың дамуына елеулі еңбек сіңірген отандастардың жетістіктеріне арналған іс-шаралар өткізілетін болады.

 Кәсіпорындардың барлық қызметкерлері (салаға қарамастан) «Еңбек жолы» байқауына қатыса алады.

 Байқаудың аймақтық және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін. Байқау 3 номинация бойынша өткізіледі:

1) «Ең үздік еңбек әулеті» аталымы (номинация).

Бұл номинацияда ең көп жұмыс тәжірибесі бар әулет, ең көп наградалармен және барлық меншік түріндегі ұйымдарда жұмыс істейтіндер таңдап алынды. Ескерту: Еңбек әулеті – осы ұйымда жұмыс істейтін және осы кәсіпорында кемінде 20 жыл еңбек өтілі бар бір отбасының екі немесе одан да көп ұрпақтарын (балалар немесе немерелері бар бір немесе екі жұбайы) білдіретін бір ұйым қызметкерлерінің тобы. Әулет басшысының бұрынғы еңбек қызметін бастаған еңбек әулетінің өкілі.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуы, жастардың кәсіптік бағдарлануына жәрдемдесуі, өз мамандығын насихаттауы тиіс.

2) «Үздік жас өндіріс қызметкері» аталымы (номинация).

 Бұл номинацияда 5 жылдан аспайтын жұмыс өтілі бар ең белсенді және еңбекқор өндірістік қызметкер таңдалады.

3) «Еңбек етуші жастардың тәлімгері» аталымы (номинациясы).

Бұл номинацияда ең кем дегенде 20 жыл жұмыс тәжірибесі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалды.

«Еңбек жолы» аймақтық кезеңі байқауына қатысуға үміткерлерден өтінімдер қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 20 сәуіріне дейін.

Облыстық комиссия «Еңбек жолы» аймақтық кезеңі байқауының жеңімпаздарын ағымдағы жылдың 05 мамырға дейін анықтайды.

«Еңбек жолы» байқауына қатысу тәртібі мен ережелері туралы толық ақпаратты Сіз 8 (7212) 302524 байланыс телефоны арқылы және «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ, Қарағанды облысының қалалары мен аудандары әкімдерінің аппараттары сайттарынан ала аласыз.

Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы.

Басқа материалдар

Back to top button