АймақБұқар жырау

Еңбек күні аталып өтті

Еліміздегі Еңбек күні Ғабиден Мұстафин кентінің көпшілік кітапханасында атап өтіліп, оған әр салада абыройлы еңбек еткен кент тұрғындары Нұрлан Жабаев, Татьяна Пчелинцева, Жұпар Оразбаева, Ольга Попова арнайы шақырылып, осындағы агротехникалық колледждің студенттері қатысты.

Суреттер ұйымдастырушылардан

  Кітапхана қызметкерлері әр адамның өмірінде еңбектің алар орны туралы айтып, еліміздің негізгі заңында “Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының еңбек етуге құқығы бар” деп жазылғанын еске салды.

   Өз кезегінде кездесуге қатысқан еңбек ардагерлері өздерінің мамандықты  қалай таңдағандары, жұмыстағы алғашқы қадамдары, онда кездескен қиын және қуанышты сәттері жайлы әңгімелеп, өмірлік ұстанымдарын сөз етіп, студенттермен еркін пікір алмасты. Ол әңгімелерді колледж студенттері де қызыға тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарға толымды жауап алды.

Тағлымды  кездесу соңында кеш қонақтарына “Бұқар жырау толғаулары” кітабы тарту етілді.

Ержан ИМАШ,

Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button