АбайАймақ

Еңбек күні Абайда ерте атап өтілді

Елімізде Еңбек күні қыркүйек айының соңғы жексенбісіне белгіленгені белгілі. Бірақ бүгін бұл атаулы мереке Абай ауданында мезгілінен бұрын атап өтіліп, онда жұмысшы мамандықтары иелеріне құрмет көрсетілді. Негізі ерен еңбегімен ел байлығын еселеп жүрген осынау жандарды қай уақытта да ұлықтағанның артығы жоқ. Оның үстіне биыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланғаны тағы бар.

Суреттер автордан

Аудандық Мәдениет үйінде өткен Еңбек күні әуелі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мен басталып, оған аудан аумағындағы 15 кәсіпорын мен мекеме, ұйым өздеріне қажет 100 маман тізімін ұсынды. Бұл жерге жұмыс іздеп келгендер өздері туралы деректерін қалдырып, енді біреулері жаңа жұмысқа тұруға жолдама алып кетіп жатты.

Келесі кезекте сахна төріне таңдаулы еңбек және отбасылық әулеттердің өкілдері, жастар тәлімгерлері мен жас өндіріс мамандары шақырылып, оларға гүл шоқтары мен 50 мың теңгенің ақша сертификаттарын Абай ауданы әкімінің орынбасары Клара Қабдуәлиева, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Юрий Цхай мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлан Адашев табыс етті.

Осы Еңбек күні аудан өнерпаздары ән айтып, би билеп, өнерлерімен жиналған жұртшылықты тәнті қылды. Бұл туралы газетіміздің алдағы санынан толық оқи аласыздар.

Ержан ИМАШ,
Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button