Жаңалықтар

Еңбек идеясы еңбек адамының еңсесін көтереді

Еңбек адамы – әлеуметтік құрылымдардың маңызды бөлшегіне айналуы тиіс. Еңбек идеясы азаматтық құлшынысты арттырып, қоғамды топтастырушы ретінде идеялық-бағдарлық ұйыстырушыға айнала алады. Қоғамның барлық тобына тән еңбек идеясы адамдарды әлеуметтік мәртебесіне бөліп қарамастан барлығын толық қамтитын әлеуетке ие. 

Сурет: Г.Әзбайдың жеке архивінен

Мемлекет басшысы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»  атты Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Еңбек адамы идеясы жалпы халықты еңбекке жұмылдырып, еңбек адамына деген құрметті арттыруы тиіс.  Мамандық таңдау – тек оқу мен диплом алу ғана емес, бұл – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау. Сондықтан, болашаққа қадам басар кезде талапкердің де, ата-ананың да «жеті рет өлшеп, бір рет кескені» абзал. Десек те, ол кейде біздің айтқанымыздай бола бермейді. Кейде жоғары оқу орнын бітірген жастарымыздың өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға қызығушылық танытпауының өзі сондықтан. Шынайы көзқараспен қарайтын болсақ, дұрыс таңдалған мамандық иесі қашан да өз ісінің шебері, әрі білгірі атанып, сұранысқа ие болып жатады. Ол өзі таңдаған бағытын жақсы көріп, сол саланың мақтанышына айнала алады. Әрі бала күнінен шаруашылыққа бейім жастың өсе келе жұмысшы мамандығын да таңдайтыны сөзсіз. Жұмысшы мамандығы бүгінгі күні қайта жанданып, беделі артпақ.

Г.ӘЗБАЙ,

«Қазақ тілі. Парасат» қоғамдық бірлестіктің төрағасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button