АймақПриозерск

Еңбек еткеннің еңсесі биік

Ел әлеуетін арттырудың бірден-бір көзі – табыс табатын тұрақты жұмыс орнының болуы. Сондықтан да, Үкімет өңірлерде жұмыссыздықпен күресуді назардан тыс қалдырған емес. Елдің табысын арттыру мақсатында мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау жүзеге асып келеді. Жыл басынан бері Приозерск қаласының Мансап орталығына 736 азамат жүгініп, оның ішінде, 620 адам жұмыспен қамтылған. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында 1 бизнес-идея жүзеге асырылып, 10 жұмыс орнын құру жоспарланған. Бұл туралы Приозерск қаласы Мансап орталығының басшысы Мақпал Акимова мәлімдеді.

– Өздеріңіз жақсы хабар­дарсыз­дар. Халықты жұмыспен қамту орталықтары таратылып, аудандарда, облыстық және рес­публикалық маңызы бар қалаларда, астанада өз функцияларын орындауды жүзеге асыратын еңбек ұтқырлығы орталығының филиалдары болып, Мансап орталықтары ашылды. Бұл бастама – тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартуға негізделген жарқын қадам. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын 2023 жылы іске асыруға бюджеттен 235 969,0 мың теңге бөлінді. Мансап орталығында жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болғандарды жұмыспен қамту іске асырылады. Олар кәсіптік оқудан бастап, шағын несие, қайтарымсыз гранттар, тұрақты және уақытша жұмыс орындары секілді шараларды қамтиды. Қоғамдық жұмыстарға – 108 адам, «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасы аясында – 22 адам, «Жастар тәжірибесі» негізінде – 39 адам, «Алғашқы жұмыс орны» бойынша – 25 адам, «Күміс жас» бағдарламасы арқылы 29 адам жұмыспен қамтылды, – дейді Мақпал Акимова.

Орталық басшысының айтуынша, қысқа мерзімді курстарға 12 адамға сомасы 4 978,0 мың теңге бөлінген. Жұмыс берушілерден қысқа мерзімді кәсіптік оқуға өтініштер жиналып, 13 адамға жолдама берілген. Жаңа бизнес-­идеяларды жүзеге асыруға бюджеттен 10 адамға сомасы 13 800,0 мың теңге грант қарастырылған. Шағын несие қала жастары арасында кем дегенде 12 тұрғынға берілмекші. Сонымен қоса, микрокредит бар. Оның мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін. Бүгінде «Аграрлық несие корпорациясына» 7 өтінім берілген. Шағын несиеге жеке кәсіпкерлер «Ps5-Prio» Анар Акаш, «New Force Company» Алмат Сәрсенбеков, «Исатай М.А.» Маханбет Исатай, «Венера» Венера Сейлбекова, «Кенесбаева» Айдана Кеңесбаева ие болған. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында қаладағы жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 381 791,0 мың теңге қаражат бөлінген. Конкурста жеңіске жеткен «Тастемір» жол-құрылыс кәсіпорны 10 адамды жұмыспен қамтыған.

Нұрдос КӘРІМ,
ПРИОЗЕРСК
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button