Еңбек адамының құқығы қорғаусыз қалмайды
«Қарағанды облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігі Қарағанды облысының аумағында жұмыс істейтін және Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясының құрамына кіретін кәсіподақ ұйымдарын біріктіру, өзара іс-қимыл жасау және қызметін үйлестіру мақсатында құрылған.
Кәсіподақтар қозғалысын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт – 2020 жылғы 25 мамырда бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізілген Қазақстан Республикасының «Кәсіподақтар туралы» Заңы болып табылады.
Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау саласында (01.06.2024 жылғы деректер бойынша) Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 14 салалық кәсіподақтарының құрамына кіретін жалпы саны 131 647 кәсіподақ мүшелерінен тұратын 950 бастауыш кәсіподақ ұйымдары (Ұлытау өңірінде құрылған кәсіподақ ұйымдарын қоса алғанда) бар. Олардың ішінде тек 2023 жылы құрылған жалпы саны 560 қызметкерден тұратын мемлекеттік органдардың «KYZMET», денсаулық сақтау жүйесінің «SENIM», білім, ғылым және жоғары білім, мәдениет, спорт, туризм. және ақпарат, құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы салалық және жергілікті кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының қатарына жататын 17 жаңа бастауыш кәсіподақ ұйым бар.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша 949 бастауыш кәсіподақ ұйымының 803-і (84,6%) ұжымдық шартқа қол қойған (91 (100%) – ірі кәсіпорындарда, 252 (100%) – орта кәсіпорындарда, 460 (36,2%) – шағын кәсіпорындарда).
2023 жылдан 2024 жылдың өткен мерзімінде осы іс-шараның аясында Қарағанды облысында 1684 қатысушы атсалысқан 61 кездесу өткізілді, оның ішінде, Кәсіподақтар федерациясы басшылығының қатысуымен – 4, облыстық деңгейде – 57.
Осындай нәтижелі кездесулердің бірі ретінде – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары – Мұхтар Тінікеевтің қатысуымен «QARMET» және «Құрылысмет» АҚ көмір департаментінің Костенко атындағы шахтаның бастауыш кәсіподақ ұйымында өткізілген кездесуді атауға болады.
Қамтылған мәселелердің ішінде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, зиянды еңбек жағдайларында істейтін 55 жасқа толған қызметкерлерге қатысты арнаулы әлеуметтік төлем мәселесі шешілді (егер жұмыс беруші жұмыскер үшін кемінде 7 міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеген болса). 2023 жылдың желтоқсанында 2030 жылға дейін қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы (3-ші шығарылым) қабылданды, 4-ші мәселе шешілуде, ал заңнамалық деңгейде жалақыны индекстеуге қатысты 2-ші мәселе әлі шешімін таппай отыр.
Облыстық деңгейде бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру және олардың жұмысы, жарналарды төлеу, құқықтық көмек көрсету және орнында түсіндіруге қатысты 43 сұрақ қойылып, оларға жан-жақты түсініктемелер берілді.
Мәдениет мекемелері мен мұражайлар қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру, тау-кен металлургия өнеркәсібіне (облыстық деңгейде) озық технологияларды енгізуді ескере отырып, негізгі қорларды кезең-кезеңмен жаңарту сияқты мәселелер өте өзекті және тұрақты бақылауда.
2024 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) және кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасында 2024-2026 жылдарға арналған бас келісімге қол қойылды.
Ал, 2023 жылы Қарағанды облысының әкімдігі, облыстық кәсіподақтар (жұмысшылар) бірлестіктері және облыстағы жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасында жасалған 2021-2023 жылдарға арналған өңірлік келісімнің мерзімі аяқталды.
Осыған орай, облыстық әлеуметтік әріптестік тараптары – атқарушы билік органдары, жұмыс берушілер мен аумақтық кәсіподақ бірлестіктерінің уәкілетті өкілдері алдағы 2024-2026 жылдарға арналған өңірлік үшжақты келісім дайындап, қол қойды. Келісімшартта тараптар әлеуметтік әріптестік, экономикалық және әлеуметтік саясат, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, лайықты жағдайлар мен еңбекақы төлеу салаларында өзара іс-қимыл жасауға міндеттенеді. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келісімшарт құқықтық акт болып табылады. Әлеуметтік әріптестер арасындағы осындай үшжақты келісімдерге облыстың барлық қалалары мен аудандарында қол қойылатын болады.
Соңғы үш жылда 2021-2023 жылдар аралығындағы қолданыстағы келісімшарттың аясында кәсіподақтар тарапынан енгізілген 15 ұсыныс пен түзетулер көрініс тапқан нәтижелі жұмыстар атқарылды. Айта кетерлігі, қамтылған мәселелердің барлығы жұмыс тобы мен облыстық үшжақты комиссияның отырыстарында қаралды.
2021-2023 жылдары әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссияның алқалы түрде 47 отырысы өтіп, онда 82 мәселе қаралды. Облыс әкімінің төрағалығымен – 17, әкім орынбасарының төрағалығымен – 26, кәсіподақ ұйымдарының төрағалығымен – 4 жиын өтті. Еңбек даулары мен жанжалдардың алдын алу, әлеуметтік-еңбек қатынастары, әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің бағыттарын жүзеге асыру және басқа да мәселелер жедел және негізді түрде қаралды.
Жиын барысында қоғамдық мониторингке сәйкес, еңбек дауларының туындауының негізгі себебі – халықтың өмір сүру деңгейіне сәйкес келмейтін жалақы мен еңбек жағдайлары екені айтылды.
2024 жылды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы «Лайықты еңбек жылы» деп жариялады. Талдау көрсеткендей, кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейтін жерлерде еңбек ұжымдарындағы дау-дамайлар қатары айтарлықтай төмендеген.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысының кәсіподақ орталығы дауларды шешудің, ұжымдық шарттарды енгізуге және әлеуметтік әріптестікті нығайтуға қатысты барша мүмкіндіктерді пайдалануда.
2023 жылы Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының Еңбек тәуекелі картасына келесі кәсіпорындардың бастауыш кәсіподақ ұйымдары енгізілді:
1. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, қазіргі уақытта «QARMET» АҚ («Жақтау» металлургтер кәсіподағы, «Қазақстан тау-кен металлургия кәсіподағы» ҚБ «Өркен-Атасу» ЖШС жұмысшылар кәсіподағы «QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» кәсіподақ кәсіподағының құқықтық мұрагері. «Қорғау» көміршілері» ҚБ «КАЗУГЛЕПРОФ» көміршілер салалық кәсіподағы).
2. «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалы ( «КАЗУГЛЕПРОФ» Көміршілер кәсіподағының салалық кәсіптік одағының «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымы).
1. «QARMET» АҚ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қабылдаған барлық міндеттемелердің құқықтық мұрагері болып табылады. Қазіргі уақытта бұл кәсіпорында еңбек жанжалдары жоқ. 2018 жылы кеншілердің алға қойған талаптарын орындау мақсатында келісім комиссиясының жұмысы жалғасуда.
2. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мақсатында 2023 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің тапсырмасы бойынша төрағаның бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев, «КАЗУГЛЕПРОФ» көміршілер кәсіподағының төрағасы Марат Миргаязов пен Қарағанды облысы кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабеков Қарағанды облысы бойынша кәсіподақ директоры Диас Мағзұм және Қарағанды филиалының директоры Даханбек Сатылған мен тау-кен құтқарушыларының мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Мұхтар Тінікеев кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабының ( әрі қарай «РЦШ ПВАСС») басшылығын кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен еңбек ұжымының өкілдерімен келіссөздер жүргізуді ұсынды. Соның нәтижесінде кәсіподақтардың белсенді атсалысуымен қазір бұл кәсіпорында ұжымдық шартты талқылау келіссөздер үдерісі басталды. 2024 жылдың бірінші тоқсанында ТЖКҚБ басшылығының сенімі бойынша тау-кен құтқарушыларының талаптарын ескере отырып, ұжымдық шарт жасау жоспарлануда.
Көп жағдайда кәсіпорындардағы әлеуметтік шиеленіс жалақы деңгейіне және еңбек жағдайларына байланысты. Кәсіподақ ұйымдарының бұл бастамасы әлеуметтік әріптестік механизмі аясында жедел жүзеге асырылып, дер кезінде шешудің нәтижесінде қайнаған еңбек дауларының алдын алуға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта Кәсіподақтар федерациясының ұсынысы бойынша 2023 жылдың мамыр айында Қарағанды облыстық мәслихаты жанынан жергілікті уәкілетті органдар тарапынан қабылданатын мәселелер мен актілерді қарау кезінде еңбекшілердің мүддесін қорғайтын Қарағанды облыстық мәслихатының «Еңбек» депутаттық тобы (5 депутат) құрылып, топқа «QARMET» АҚ әлеуметтік және еңбек қатынастары бөлімінің басшысы – Әлібек Алпыспаев, «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы- Евгений Буслаев, «Жақтау» металлургтер кәсіподағының төрағасы – Виктор Щетинин, Саран шахтасының директоры – Владимир Шнел, «Қарағанды қаласының №3 көпсалалы ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры – Гамал Тоқсамбаев енгізілді.
Сол сияқты, бірлескен жұмысымыздың әлеуметтік маңызды нәтижелерінің бірі – әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссиясының ұсынысы бойынша Қарағанды облысы басшылығының, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Арман Қалықовтың және Қарағанды облыстық мәслихатының «Еңбек» депутаттық тобының қолдауымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 320 «Қарағанды қаласының медициналық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру мәселелері туралы» Қаулысымен «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрыла отырып, аталған мекеменің республикалық мәртебесі қайтарылды.
Кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын нығайту және демалысын қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды облысының кәсіподақ орталығында 2024 жылдың басынан бері 14 717 000 сомасына 159 адамға санаторийлер мен демалыс үйлеріне жолдамалар ұйымдастырылған.
Кәсіподақ мүшелерінің және кәсіподақ мүшелері емес тұлғаларға құқықтық кеңес беру мақсатында Қарағанды облысы кәсіподақтар орталығы жанынан Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы заң клиникасының филиалы ашылып, еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне қатысты нәтижелі жұмыс жүргізуде.
2023 жылы заң клиникасының филиалына 285 өтініш түскен, оның ішінде, еңбек даулары – 58, Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотымен жасалған Меморандум аясында отбасы мәселелері бойынша – 196, орталықтың жұмысы мен медиаторлар қызметі және басқа да мәселелер бойынша 21 консультация беріліп, 201 – медиативтік келісім жасалған.
2023 жылы және 2024 жылдың 5 айында еңбек мәселелері бойынша кеңес алуға 122 кәсіподақ мүшесі жүгінген. 2024 жылдың өткен мерзімінде 382 адамды 27 еңбек саласына қатысты кеңестер өткізілген. Заң клиникасының мамандары кәсіподақ мүшелеріне еңбек, зейнетақы, азаматтық, отбасы және тұрғын үй заңнамалары бойынша тегін кеңес береді.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының заң клиникасының Қарағанды филиалының мамандары ретінде тиісті меморандумдар негізінде құқық қорғау, білім беру жүйесінде, мемлекеттік органдар, заң фирмалары және қоғамдық ұйымдар саласында теориялық және тәжірибесі мол тұлғалар, медиаторлар, заңгерлер мен психологтар тартылған.
Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының заң клиникасының Қарағанды филиалының – Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығының Татуласу орталығында еңбек дауларын сотқа дейін бейбіт жолмен шешу алгоритмі жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин өзінің Қарағанды облысының кеншілерімен жұмыс кездесулері барысында заң клиникасының Қарағанды облыстық филиалының жұмысына оң баға берді.
Еңбек адамының жағымды имиджін қалыптастыру, жастарды жұмысшы мамандықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрамына кіретін Қарағанды облысының кәсіподақ ұйымдары Қарағанды облысының кәсіподақ орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесімен бірлесе отырып, еңбек ұжымдарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарында тұрақты түрде түсіндіру және құқықтық жұмыстарды жүзеге асырады.
Қазақстан кәсіподақтары күні қарсаңында 2023 жылдың 5 қазанында Қарағанды облысының кәсіподақ орталығының жанындағы «Келешек» жастар кеңесі кәсіподақ жастарының 1905 жылы Қазақстанда алғашқы өнеркәсіптік өндіріс пен алғашқы кәсіподақ құрылған тарихи орыны – Қарағанды облысы Шет ауданы Успен ауылдық округіне саяхат ұйымдастырды. Сапар нәтижесінде Қазақстан кәсіподақтарының тарихы туралы деректі фильм түсірілді.
Сонымен қатар, 2024 жылдың 16 мамырында «Келешек» жастар кеңесінің бастамасымен Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы және Қарағанды қаласының 90 жылдық мерейтойы жариялаған «Лайықты еңбек» жылында қалалық мәслихат депутаттарының, басшылықтың қолдауымен Қарағанды қаласы әкімдігінің, Қазыбек би атындағы аудандық комитетінің филиалдары, Қазақстан Қарағанды облыстық ұйымының Әлихан Бөкейхан атындағы аудандық комитеті білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының ұйымдастыруымен жұмыс істейтін жастар мен волонтерлерге арналған қайырымдылық балы ерекше сәттілікпен өткендігін айту қажет.
Қайырымдылық балының мақсаты Қарағанды қаласының жастары арасында спорттық және бал биін дамыту, сонымен қатар, жалпыадамзаттық құндылықтарды, әлеуметтік белсенді ұстанымды дамыту, жастарға эстетикалық тәрбие беру және қаламызда волонтерлік қызметті насихаттау болды.
Қайырымдылық балына дебютант ретінде хореографиялық қабілеті бар, ең бастысы, көмектесуге ниетті 18 бен 35 жас аралығындағы Қарағанды облысының бастамашыл жастары өкілдерінің қатарынан 90 адам қатысты. Олардың ішінде университет студенттері және жұмысшы кәсіподақ жастары бар. Іс-шара мақсатына жетті.
Қазіргі уақытта Қазақстанның жаһандану және интеграциялық процестерге белсенді араласуы кәсіподақтардан ұзақ мерзімді стратегиялық және тактикалық міндеттерді айқындау, жүзеге асыру және кәсіподақ қозғалысын реформалау қажеттілігін талап етіп отыр.
Қоғамдағы жаңа талаптар мен өзгерістер жаңа шешімдердің туындауын қажет етеді, өйткені кәсіподақтар қазақстандық қоғамның құрамдас бөлігі болып табылады және еңбекші халықтың игілігі үшін қажетті өзгерістерді жүзеге асыруға ерекше жауапкершілікпен қарайды, сондықтан да Қарағанды облысы мен Ұлытау өңірінің кәсіподақ ұйымдары біртұтас ұжым ретінде алдағы уақытта да еңбекшілердің лайықты мүдделерін қорғауға және Кәсіподақтар федерациясының шешімдерін жауапкершілікпен жүзеге асыра бермек.
Болат ЖҰМАБЕКОВ,
«Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.