«Еңбек адамын ұлықтау» медиа-байқауы өтеді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы «Еңбек адамын ұлықтау» республикалық медиа-байқауын өткізу туралы хабарлайды


Байқау жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және лайықты еңбек қағидаларын алға бастыру бойынша кәсіподақтардың қызметін кеңінен насихаттау мақсатында БАҚ, штатта және штаттан тыс жұмыс істейтін журналистер арасында өткізіледі.
ҚРКФ «Еңбек адамын ұлықтау» медиа-байқауы 5 номинация – «Үздік журналист», «Үздік ақпараттық әріптес», «Үздік фотообъектив», «Кәсіподақтардың үздік ақпараттық ресурсы» және «Үздік кәсіподақ баспасөз қызметі» бойынша өтеді.
Байқауға кез келген деңгейдегі БАҚ журналистері, тәуелсіз журналистер, Федерацияның мүше ұйымдарының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі қызметкерлері, фотографтар, блогерлер, сондай-ақ агенттіктер мен коммерциялық емес ұйымдар қатыса алады.
2022 жылғы 1 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған және эфирге шыққан материалдар қарауға қабылданады.
Байқау жеңімпаздары Қазақстан кәсіподақтары күнін мерекелеу қарсаңында ағымдағы жылдың 10 қазанына дейін белгілі болады.
(Байқау туралы ереже қоса беріледі).

Байқауға қатысу мәселелері бойынша байланыс ақпараты:
Жұмыстарды жіберу үшін электронды мекенжай: kasipodaq_press@mail.ru
+7 701 738 32 38 — ҚРКФ Медиа орталығының директоры Гүлмира Қаракөзова
+7 701 254 63 59 — ҚРКФ Медиа орталығының бас сарапшысы Линара Сақтағанова.