Жаңалықтар

Ең басты құндылық

    Тәуелсіздік – ұлы мереке. Бабалардың талай ғасыр аңсаған арманына біздің ұрпақ қол жеткізді. Бұдан артық қуаныш жоқ. Ұлттың да басты бақыты – осы. Осы негізде № 145 «Балапан» балабақшасында балаларымызға тәуелсіздік ең басты құндылық екенін түсіндіру негізінде топтар арасында іс-шаралар өткізіліп тұрады. Ондағы мақсат– балалардың бойына ұлтына деген сый-құрметті қалыптастыру болып табылады.

    Тәуелсіздік – тәңірдің сыйы. Тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жыл ішінде егемендік пен елдіктің, береке мен бірліктің, ынтымақтың туын жоғары көтере білдік. Осындай айтулы мерекелерге балабақшамыздың тәрбиеленушілері әрдайым атсалысып тұрады.

   «Балапан» балабақшасының «Қошақан» тобының тәрбиеленушілері алдында тұрған ендігі мақсат – егемендікті көздің қарашығындай сақтап, бүлдіршіндерді басқа қонған бақытты бағалай білуге үйрету.

Гүлжахан АБІЛЬМАЖЕНОВА,

«Балапан» балабақшасының тәрбиешісі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button