Спорт

Дзюдошы Ерғали Шәмей Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық Ерғали Шәмей 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Пара дзюдодан J1 санатында 73 кг салмақта өнер көрсеткен Ерғали Шәмей финалдық белдесуде румыниялық балуан Флорин-Александр Бологаға есе жіберіп, Париж Паралимпиадасының күміс жүлдесін місе тұтты. 

Айта кетейік, Паралимпиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының жүлделер саны жетеу. 

Алтын медальді Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг) пен Акмарал Науатбек (пара дзюдо) жеңіп алса, мерген Еркін Ғаббасов пен жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали күміске қол жеткізді. Қола жүлдегерлер қатарында Дастан Мұқашбеков пен Даяна Федосова бар.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button