Бас тақырыпСпорт

Даңқты дзюдошы Сёхэй Оно – Қарағандыда

Қ.Байшолақов атындағы спорт кешенінде әлемдегі ең танымал дзюдошылардың бірі, екі дүркін Олимпиада чемпионы, жеті дүркін Әлем чемпионы Оно Сёхэй қарағандылық балуандарға шеберлік сабағын өткізді.

Суреттерді түсірген Александр МАРЧЕНКО

Әлемдік спорттың жарық жұлдызы Қарағандыға дзюдодан Қазақстандағы тұңғыш кәсіби «JENYS» клубының арнайы шақыруымен келді.

— Бүгін бізде үлкен спорттық шара. Тарихта тұңғыш рет әлем дзюдосының аңызы Оно Сёхэй Қарағандыға келді. Бұл «JENYS» кәсіпқой клубының қамқоршылық кеңесінің жетекшісі Алмаз Әлсеновтың арқасында жүзеге асып отыр. Бұл – қазақ  спортын әлемге танымал етуге мүмкіндік беретін үлкен мереке. Мәртебелі қонақтың келуі Қарағандыда дзюдодан Олимпиада чемпионының шығуына негіз болады деп сенеміз. Бірінші күні жас спортшыларға, келесі күні ересектерге арналған шеберлік сыныбы өтеді. Жас спортшылар үшін спорт аңызын көру, амандасу, дәріс алу қазірдің өзінде үлкен арман, әрі бақыт, – дейді атақты қарағандылық палуан, әлем чемпионы Максим Раков.

Спорт нысанының залында жас палуандар Оно Сёхэйді құрмет дәлізінде қошеметпен қарсы алды. Қазақтың қонақжайлылығы бойынша шашу шашылды.

Бұл күні Арқаға Халықаралық дзюдо федерациясының бас директоры Влад Маринеску мырзаның да келгенін атап айту керек.

Жәлел ШАЛҚАР,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button