Спорт

Джермаллды жеңе ме?

Boxingnews24.com порталының шолушысы Шон Джонс Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) қатысты шешімінен кейін пікір білдірді.

Атап айтқанда, ол біздің жерлесіміз үшін қандай жекпе-жектің көл-көсір пайда әкелетіні жөніндегі ойын жария етті.

«Головкин IBF және WBA тұжырымдары бойынша чемпиондық атақтан бас тартқаннан кейін, WBC оны рейтингте бірінші орынға шығарды. Бұл жағдай жанкүйерлерге Головкин мен WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпион Джермалл Чарло арасындағы жекпе-жекті көру үмітін сыйлайды. Екі чемпион үшін аталған жекпе-жек қыруар гонорар табуға мүмкіндік береді», – деп жазады Джонс.

Еске салсақ, қазір Головкинде тек қана IBO тұжырымының чемпиондық белдігі ғана қалды. Ал Джермалл Чарло болса, ол өзінің мансабында 32 жекпе-жек өткізіп, соның 22-сін нокаутпен жеңген және бір де бір рет жеңіліп көрмеген. Америкалық боксшы өзінің соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың маусымында өткізіп, мексикалық Хуан Масиас Монтиэльді ұпай санымен жеңді. Сөйтіп, ол өзінің чемпиондық атағын төртінші мәрте сәтті қорғады.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button