Дубайдағы SWAT Challenge: Қазақстан командалары алғашқы күнді сәтті аяқтады
Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелері UAE SWAT Challenge халықаралық турнирінің алғашқы күнін сәтті аяқтады. Дубайда өтіп жатқан жарысқа әлемнің ондаған елінен 100-ден астам арнайы жасақ командасы қатысып жатыр.

48 елдің 109 командасы арасынан Қазақстанның төрт командасы да үздік ондыққа енді.
• Kazakhstan C — 1-орын
• Kazakhstan D — 2-орын
• Kazakhstan B — 4-орын
• Kazakhstan A — 10-орын
Tomiris қыздар командасы жалпы есепте 20-орында. Бұл — әйелдер командалары арасындағы ең жоғары нәтиже.
Қазақстан құрамасы ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігінің үздік арнайы жасақ жауынгерлерінен жасақталған. Бес күнге созылатын халықаралық турнир 11 ақпанда аяқталады.
Қазақстан командаларына келесі кезеңдерде де сәттілік тілейміз.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



