Дубайға ұшу арзандайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Дубайға ұшатын рейстердің бағасы арзандайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.

Азаматтық авиация комитеті БАӘ авиациялық биліктерімен бірлесіп, мереке күндері мен каникул кезеңінде авиабилеттердің құнын төмендету мақсатында БАӘ-ге рейстер санын көбейту туралы шешім қабылдады. 

29 желтоқсан – 14 қаңтар аралығында «Fly Dubai» әуекомпаниясы Астана – Дубай және Алматы – Дубай бағыттары бойынша қосымша 10 рейсті орындауды жоспарлап отыр.